![]()
Өткендегі Боғда баурайында, Дабаншың районында орын алған бассыздықтан кейін іле-шала Алтайдағы қазақтар да өздері мекен еткен жерінен айырылып, адамдары соққыға жығылып, малдары тоналып, қаптаған қытайдың қысымына жолығуда.
Алтай қаласы маңындағы Балбағай ауылдығына қарасты Сарқарын қыстағына жаңа құрлыс (бейқұт үй) тұрғызбақшы болған малшылардың жерлері мен жайылымдпарын ауыл шаруашылық 13-ші отраиядының бастығы бір топ қытайды бастап келіп зорлықты күш жасап тартып алған.
Қытай бастық қол астындағы өзі ертіп келген қытай келімсектерге: «Ештеңеден аянбаңдар, қазақтар қарсы келсе өлтіре сойылға жығыңдар, сендер жаралансаңдар билік қаражат бөліп емдетеді» – деп құлақтарын көтеріп, өңшең жабайы иттерін айтақтаған. Сонымен қоймай бауырларымыздың алдында, қытай басшысы: «Бізді автономиялық район, аймақ, мемлекет заң органы да басқара алмайды!», – деп көпірген. Онымен қоймай сол талас болып жатқан жерде жайылып жүрген қазақтардың малдарын сойылмен ұрып, күрекпен шауып, жаралап, өлтірген.
Бұл қорлыққа шыдамаған қазақ малшылары жиналып, қарсы келігенше қытайлар оқиға орынан тайып тұрған. Бүлікті бастаған қытайдың әскери районынынң белгілі мансаптісі екені де белгілі болды.
Бір Қазақ малшы қазір ауыр жарақат алып, емханада жатқандағы жайлы сол жақтағы азаматтар хабарлады. Негізі бұл малшылардың жері зорлық көрсеткен отриядпен ортада бұрыннан шекара торы болған, оны арнайы техникамен келген қытайлар бұзып тастап, өздеріне Сарқарын ауылының жерін үстемдік жасап тартып алмақшы болған. Бір емес екі рет бассыздық жасап, бауырларымызға қол жұмсаған қытайларға сіз недейсіз?
Көгедай Шәмерхан






