ҚР ҰҚКД Бостандық ауданының бұрынғы қызметкері Халилулле Балтабаев 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол өзінің танысымен бірігіп, «Қазкоммерцбанктен» 93 млн теңге тонаған. Бұл туралы Almaty.tv тілшісіне қалалық прокуратураның өкілі Гүлнар Бердібекова мәлімдеді.
Қылмыстық істі зерттеу нәтижесі бойынша, ағымдағы жылдың 30 сәуірінде Халилулле Балтабаев бас бостандығы менлауазымынан айырылып, жеке мүлкі тәркіленді.
«2009 жылдың қазан-қараша айларында Балтабаев Х.О және Қажібеков Е.С. ұрлық жасау үшін Кенсебаев К.М.,Мамедов Р.М., Утяганов С.У., Сағымқұлов А., Столяренко С. және өзге де адамдармен біріге отырып арнайы топ құрған. Топ мүшелері өзара келісіммен жұмыс істеген. Басты мақсат АҚ «Қазкоммерцбанктің» ЖШС «Гарант» бөлімінен АҚ «КЗИбанкке» 93 млн теңге аударған. 11 қараша күні жалған құжатты пайдалана отырып, АҚ«КЗИ банктегі» Утягановтің жеке шотына 92 721 500 теңге аударған», — деді Бердібекова.
Бердібекованың айтуынша, 2010 жылда жүргізілген зерттеу нәтижесінде Балтабаевтан басқалары сотталған. Сонымен қатар, сот Балтабаевті де бас бостандығынан айырған. Оған іздеу салынып, 2013 жылдың аяғында қолға түсіреді. 30 сәуір күні Балтабаев 10 жылға бас бостандығынан айырылды.
Бейнебақылаудан алынған суреттер:







