Автор: admin

Алматыда Данияр Кесікбаев пен Нуриана Наджаваның үйлену тойларының ресми салтанаты болды деп хабарлайды Kapital.kz. Мереке қазақтың салты беташармен ашылған. Күйеу жігіт пен қалыңдықты құттықтау үшін тойға Малайзияның премьер-министрі, туысқандары және достары келген. Тойға шақырылған қонақтардың арасында президент Нұрсұлтан Назарбаев, премьер-министр Кәрім Мәсімов, Алматы әкімі Ахметжан Есімов, кәсіпкер Кеңес Рәкішев және “Атамекен” корпорациясының төрағасы Тимур Құлыбаев, бар. Сонымен қатар салтанатты кешке қазақстандық БАҚ өкілдері мен болгерлер де қатысты. Еске сала кетсек, 20 наурыз күні Данияр Кесікбаев Малайзияның премьер-министрі Наджиб Разаканың қызы Нуриана Наджаваға үйленген болатын. Салтанатты мерекенің бастауы Куала-Лумпурда өткен еді. Күйеу жігіт пен қалыңдық АҚШ-та оқып жүргенде танысқан. Данияр – Колумбия…

Read More

Кейде бізді қытаймен қорқытқысы келеді. Бірақ, орыстың қыспағынан қашқан миллиондаған қандастарымыздың жан сауғалап, қытайға үдере көшкенін тарихтан білеміз. Ал, қытайдан қашып, Ресейге қарай босып барған бірде-бір қазақ жоқ… Жолымбет Мәкіштің  facebook  парақшасынан алынған

Read More

Ежелгі досым Арман Сқабылұлы ҰЛТ.КЗ сайтында Тоқтар Әубәкіровтың «оппозиция» деп жүргендердің «бірін-бірі итеріп, Ақордаға баратыны» туралы сөзіне неге мен жауап бермейді деген сыңайды сырттай сұрақ қойыпты. Тақырып та «күшті»: «Үндемегендері – мойындағандары ма?». Шынымды айтайын, тақырып тиіп кетті. Қысқаша жауап берейін. 1998 жылдан, оппозицияға кеткелі мен біреуді «итеріп», яғни таласып, тырмысып Ақордаға барған емеспін. Мен кезінде Үкіметте істегендіктен, қазір сол жақта менің дос-жарандарым баршылық. Аракідік той-томалақта, аста кездесіп қаламыз. Пікір алысамыз. Онымды кемшілік деп санамаймын. Керісінше, билікте жүрсе де мені тойға шақыратын немесе бір жерде көріп қалып, қашып кетпейтін азаматтарға разымын. Мені талай мәрте билік тарапынан кездесуге шақыру болғаны да…

Read More