Close Menu
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Тарих
    • Қазақ шежіресі
    • Қазақ хандары
    • Қазақ рулары
    • Тұлғалар
  • Тағылым
  • Руханият
    • Әдебиет әлемі
  • Ғылым-білім
  • Спорт
  • Сұхбаттар
  • Media
    • Бейнежазбалар
    • Фоторепортаж
  • Кітапхана
Facebook X (Twitter) Instagram
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Қазақ тілі
    • Қазақ тілі
    • Русский
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Тарих
    • Қазақ шежіресі
    • Қазақ хандары
    • Қазақ рулары
    • Тұлғалар
  • Тағылым
  • Руханият
    • Әдебиет әлемі
  • Ғылым-білім
  • Спорт
  • Сұхбаттар
  • Media
    • Бейнежазбалар
    • Фоторепортаж
  • Кітапхана
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
Басты бет»Тағылым»«Сүйегім жасиды…»
Тағылым

«Сүйегім жасиды…»

21/04/20150

Сан тарау өмір соқпағында ерікті, яки еріксіз басқан ізің – адамша ойланған сәтіңде ар сотының алдында азаптай ма? Тірнектеп, тыраштанып қалыптастырған анықтауышыңа (атағыңа, абыройыңа, кәсіби дәрежеңе) қаншалықты адал¬дығың жайлы аз-кем толғанғанда лайықты, лайық-сыздығыңыз туралы Құдайдың алдында құлазисыз ба? Осы сауалдарды өзіңе қойған сәтте адамша өмір сүрудің аса күрделі үлгісін көрсетіп кеткен алдыңғыларға айтар сөз де таппайсың. Тазы боп шалар түлкі – заманды сүрген біз ғана емес қой, тегі…

«Батырдың көңілін сұрап барып едік, еңкілдеп жылады ғой», – деп есік алдында отырып әңгіме бастаған көрші шалдардың сөзіне елең ете қалғам. Махоркаларын ширатып орауға кірісіп, сөз үзіле қалған тұста жандарына таяп барып отырдым. «Еңіреген ер, адамгершілігін айтсаңшы», – деді екінші шал үзілген әңгімені жалғап. Махоркасын құшырлана сорып, түтінін будақтата үрлеген Жодай қария қазық ұштап, әңгімеге араласпай, шаруасымен отырған әкемізге бұрылып: «Сөкең төсек тартып жатқалы біраз болды ғой, мына кісі екеуміз көңілін сұрап шықтық. «Батыр, хал-жайыңыз қалай? Күйлі-қуаттысыз ба?» деп хал-ахуал сұрасқанымыз сол еді, байғұс: «Мені батыр деп айтпаңдар, сүйегім жасиды, сүйегім жасиды!» демесі бар ма, бір айтқанын қайталап. Сақалын жас жуып, қатты егілді. Әйтпесе қайратты кісі еді ғой. Ештеңенің мәнін түсінбей мына екеуміз отырмыз», – деп Жодай шал бір тоқтағанда әкеміз де елең ете қалды. Көзіне жас алып, егілмек түгілі қандай қиыншылық көрсе де қабағын бір шытпайтын Сөкеңнің (ешкім атын атамайды, Сөкең дейтін) мына қылығы әкемізге де жұмбақ болды-ау, орнынан тұрып, үстіндегі ағаш жоңқаларын қағып-сілкіп екі қарияның қарсы алдына келіп отырды. «Неге жылапты?». Сөзді Мардан шал іліп әкетті. «Бұ кісінің батырлығын елдің бәрі біледі ғой. Талай үркін-қорқынды басынан өткізді. Талай барымтаға барды. Сүйегін жасытатын оқиға Қалқадан (Өр Алтайдың аржағы – моңғол жерін біз жақта солай атайтын) қыл құйрық қуып келген жолы болыпты», – деп махоркасын бір сорып, қақырынып-түкірініп, ұзақ булығып отырып қалған Мардан шалдың әрекеті маған тым ұзаққа созылғандай сезілді. «Ой, көксау неме! Әңгіменің құтын қашырдың ғой, өзім айтайын» деген Жодай ақсақалдың тура сөзіне әкем де разы болғандай мырс етіп күліп қойды. «Әңгіме былай болыпты. Қалқаның жерінен мал қуып келуге бес-алты жігіт аттанады. Ішінде осы Сөкең бар. Қалқа жеріне өткен соң дараны жалғыз жайлаған, неше жүз жылқысы бар жалғыз қалмақтың қонысын көреді. Малшы дейін десе, батыр тұлғалы. Қостан кіріп, шыққанда ірілігі сонша, артындағы қос көрін¬бей¬ді. Батыр дейін десе, малшының бүкіл шаруасын өзі атқарады, жалшы секілді. Жалғыз өзі ат тағалап, атан жығатын қалмақты бір аптадай аңдыған сайлауыт жігіттер оны байлап-матап, жылқысын алдыға салып айдап кетуге шамалары жетпейтінін біледі. Ақыры жоқ қарап жүрген адам секілденіп қалмақтың қара қосына түседі. Қалмақ та олардың жай жүрмегенін сезсе де сыр алдырмайды, етін асып күтеді. «Мал жоғалтып едік» деген сөзіне сенген сыңай танытады. Бірер күн еру болып, жігіттер аттанбақшы болғанда қалмақ батыры: «Е-е-е… жігіттер! Не мақсатпен жүргендеріңді мен де білем. Алыстан ат өксітіп келіпсіңдер, аттың тері деген бар. Мына жылқыларды айдап кетіңдер», – деп алдарына бір-екі айғыр үйір жылқы салып береді. Өзі де жылқыларды айдасып, біраз жерге дейін еріп отырады. Сол кезде сайды өрлеп, шұбыртып жылқы айдаған жігіттердің алдынан аю ақырып шығады. Мылтықтарын оқтап, сайлана қалған жігіттерді тоқтатқан қалмақ аттан секіріп түсіп, аюмен алыса кетеді. Сүт пісірім уақыт алысып, дәрмені құрыған қалмақтың аяғы дірілдей бастағанда Сөкең етік қонышынан кездігін суырып алып, аюдың тірсегін қиып жібермекші болып ұмтылады. Жігіттердің мылтығының ұңғысы да тап сол тұста аюға емес, Сөкеңнің кеудесіне кезеледі. Сөкеңнің аяғын аттың бауырынан айқастырып шандып, қолын артына қайырып байлаған барымташылар қалмақтың қара қосына қарай кері бұрылады. Дәл сол кезде қалмақтың шыңғырған үні бүкіл тауды жаңғыртып, дауысы Құдайға жетеді. Қалмақтың қалған жылқыларын қайта барып, түгел алдына салып айдап қайтқан барымташылар аю алдарынан шыққан сайға келгенде жыртқыштың адамды қолын қол, бұтын бұт қып әлдеқашан алба-жұлбасын шығарғанын көрсе де аялдамастан алға тартады. Сөкеңнің құлағында сол қалмақ батырының шыңғырған дауысы мәңгілікке қалып кетіпті. «Батыр демеңдерші мені, сүйегім жасиды» деп егіліп отырғаны сол үшін екен кәрі тарланның. Өкінішін өмір бойы арқалап, жанын жегідей жеген сырын о дүниеге арқалап кетпейін деп бізге сыбырлап айтып берді. Күннен күнге хәлі құрып, әл-дәрмені кетіп барады, мүмкін бүгін, ертең…», – деп Жодай шал әңгімесін айтып бітіргенде көзінен бір-екі тамшы жас сырғып кеткендей болды…

Баламыз, тап сол кезде қорқынышты әрі қызық хикая тыңдағандай-ақ әсері болған ақсақалдар кеңесінің. Қоғамға араласып, түрлі жағдаяттар, құбылыстарға куә болған сайын «сүйегі жаситын қасиеттің ауылын» төңірегіңнен іздей бастайды екенсің. Өзін батыр демек түгілі, елдің қолпашын – өкінішін еске түсіретін ауыр сөз ретінде қабылдап, адам – пендені жүректің көзімен таныған кешегінің парасатына таңқалмай көр. «Біз – ақындар…», «Біз – жазушылар…», «Біз – қоғам қайраткерлері…», «Біз – журналистер», «Біз – өнер адамдары…». Радио-теледидарды қоссаң, газет-журналды ақтарып қалсаң ең көп еститін, оқитын сөз осы болды бүгінгі. Ешкім де періште емес қой, сүйегіңіз жасымай ма сіздің?..

Ырысбек ДӘБЕЙ

Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous ArticleӨмірбек Биқұмарұлы: “Неге көктүрікше жазбасқа?”
Next Article Қазақстан туралы керемет деректер:

Оқи отырыңыз...

Нұралы батыр 1730 –1794

19/11/20263

ЖАЗУШЫЛЫҚ ҰЛЫЛЫҒЫНА ҚАРАМАСТАН, ТІРЛІКТЕ ӨТЕ ҚАРАПАЙЫМ ЕДІ

03/10/20262

ЖАСТАР ҚАЛАСЫНДАҒЫ РУХАНИ КЕШ: АЛМАТЫ АСПАНЫ АБАЙ ӘНДЕРІМЕН КӨМКЕРІЛДІ

17/08/20262
Фоторепортаж

Бейнежазба









Серіктестер
Бізбен байланыс
Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com
Жарияланған материалдарды сілтемесіз көшіруге болмайды.. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.
Demo
Top Posts

Есте қалар ел тарихы

20/07/201473

Шежіре — Оймауыт пен Бөгежіл руы

13/11/201463

Самырат шежіресі

30/09/201346
Stay In Touch
  • Facebook
  • YouTube
  • TikTok
  • WhatsApp
  • Twitter
  • Instagram
Latest Reviews

Subscribe to Updates

Get the latest tech news from FooBar about tech, design and biz.

Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp Telegram
©2025 - 2026 / Nomadtimes.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Демеушілер

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.