Сібірді жаулап алған Ермактың есімі көп құпияға толы. Орыстардың өзі әлі күнге дейін Ресейге үлкен еңбек сіңірген осы адамның шыққан тегі туралы жарытып ештеңе білмейді. Себебі тарихи еңбектерде казак Ермактың Сібірді қалай бағындырғаны ғана жазылған. Оның түп-тұқияны туралы еш дерек жоқ. Бірақ атына көз жүгірткен адамға Ермак есімі әлдебір сыр бүгіп жатқандай әсер қалдыратын. Төркіні түріктерден тамыр тартатын тәрізді. Өйткені славян нәсілінде мұндай есім мүлде ұшыраспайды. Ермак есімі әлі талай ғасырға дейін құпиясын ашпай кетуі де мүмкін еді. Бірақ жуырда ғана Ресейдің «Наука и религия» журналында М.Валиев деген оқымыстының Ермактың тегіне қатысты жазылған көлемді мақаласы жарияланды. Онда зерттеуші Ермакты казак емес,…
Автор: admin
Бүгін қазақтың ғұлама ғалымы Әлкей Марғұланның туған күні! Ол ұлттық археология мектебінің негізін қалаушы, шығыстанушы, әдебиеттанушы, өнертанушы, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі, қазақстандық ғылымға еңбек сіңірген қайраткер. Әлкей Хақанұлы Марғұлан – 1904 жылы 11 мамыр күні Павлодар облысы, Баянауыл ауданында дүниеге келген. 1925-1931 жылдары Ленинград қаласында Шығыс институтында, сонымен қатар Ленинград мемлекеттік университетінің қоғамдық ғылымдар факультетінің шығыс бөлімінде оқиды, бұларға қоса Өнер тарихы институтында дәріс тыңдайды. Осында оқып жүргенде КСРО Ғылым академиясы ұйымдастырған Қазақстан мен Алтай халықтарының тарихын зерттеу экспедициясына қатысып, адайлар мен наймандардың әдет-ғұрпы, тұрмысы мен өнерін зерттейді. Оқуды бітіріп келгеннен кейін Қазақстан Оқу Халық комиссариатының жанындағы Жаңа Алфавит комитетінде…
Акзат Табын Қазіргі қазақ қызы — мүлде бөлек, Көшеңде юбка киіп тайрандаған. Жүз пайыз деп алар болсақ қазақ қызын, Жартысынан көпшілігі шимайланған! Көпке топырақ шашуым жөн болмайды, Тұнығы бар судында лайланбаған! Он алтыға жетпей жатып хас сұлуын, Жігіт көрсе жымиып жырпылдаған! Кәмелеттік жасы толмай жүкті болып, Ақ қағаздар қаншама умаждалған! Ойнастан ойда жоқта туған бала, Жетімдер үйінде жүр жаутаңдаған! Еркек келсе етек жая қарсы алатын, Қалған дәстүр емес еді салтымыздан! Ал енді азда болса сыр шертейін, Өткен күнім кешегі тарихымнан. Қызының абыройын атам қазақ, Жауды да жайпап өтіп кегін алған. Қыз бала намысы боп — ата-ананың, Кек алғанда қанға қан…

