Шараға соғыс және еңбек ардагерлері, мемлекеттік органдар басшылары, дипломатиялық корпус өкілдері, сондай-ақ Ұлы Отан соғысында қаза тапқан қазақстандықтардың рухына тағзым етуге жиналған елорда тұрғындары қатысты. Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі үрмелі аспаптар оркестрінің сүйемелдеуімен Мәңгілік алау жанына Даңқ гүл тізбегін әкеліп қойды, содан соң бір минут үнсіздік жарияланды. Қазақстан Президенті – ҚР Қарулы Күштері Жоғарғы Бас қолбасшысының және ардагерлердің алдынан Мемлекеттік күзет қызметінің Құрметті қарауыл ротасы салтанатты маршпен шеру тартып өтті. Гүл шоқтарын қою рәсімінен соң Нұрсұлтан Назарбаев арнайы тігілген шатырлар қалашығында ардагерлермен әңгімелесті. Мемлекет басшысы оларды және барша қазақстандықтарды Жеңіс күнімен құттықтады. – Жеңіс күні – Ұлы…
Автор: admin
Ұлы Британия сын сағатта талай мәрте өздерімен бірге бір саптан табылған гурхтарға қатты қарыздар екенін үнемі мәлімдесе, орыс империясы екінші дүниежүзілік соғыста орыстар ғана ерен ерлік көрсеткенін айтудан танбай келеді..Гурхтар демекші..Олардың көзсіз батырлығы туралы аңызға бергісіз әңгімелер көп. Үндістаннан Непалға басып кірген Англия гурхтардың қатты қарсылығына тап болған. Жер шарындағы тағы бір елді жаулап алуға дәмеленген отаршылдар осы соғыста оңбай жеңіледі. Майдан даласында небір көзсіз ерліктер жасаған Непалдықтармен шайқасуға олардың жүрегі дауламай қалады. Ақыры, гурхтарды жеңе алмасын білген ағылшындар: «Онда бұлар біздің одақтасымыз болуы керек!» деп, ақылға келіпті. Содан бері Непалдың жаужүрек жауынгерлері Англияға адал қызмет атқарып келеді. Айтпақшы, олардың…
Аса құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы! Қазақ оқырмандарының тарихи танымын кеңейтіп, ұлттық санасын дамытуға сүбелі үлес қосып келе жатқан, адамзат тарихында өшпес із қалдырған ірі тұлғалардың бет-бейнесін кәсіби ғалымдардың, саясатшылардың, қоғам қайраткерлерінің сараптамалары арқылы анық та шынайы, жан-жақты көрсету арқылы жас ұрпақты отаншылдық, мемлекетшілдік рухта тәрбиелейтін «Жұлдыздар отбасы АҢЫЗ АДАМ» журналына қазір, өкінішке орай, жойқын ақпараттық шабуыл басталды. Оның мақсаты – аталмыш журналды «Гитлерді, фашизмді дәріптеді» деген желеумен жаптыру, ал, оның бас редакторы Жарылқап Қалыбайды «әлеуметтік және ұлтаралық араздық тудырды» деген айыппен «қылмыскер» ету. Ал, шын мәнінде «Жұлдыздар отбасы АҢЫЗ АДАМ» журналы өзінің төрт жыл ішінде жарық көрген 92 санының бір де…

