Close Menu
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Тарих
    • Қазақ шежіресі
    • Қазақ хандары
    • Қазақ рулары
    • Тұлғалар
  • Тағылым
  • Руханият
    • Әдебиет әлемі
  • Ғылым-білім
  • Спорт
  • Сұхбаттар
  • Media
    • Бейнежазбалар
    • Фоторепортаж
  • Кітапхана
Facebook X (Twitter) Instagram
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Қазақ тілі
    • Қазақ тілі
    • Русский
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Тарих
    • Қазақ шежіресі
    • Қазақ хандары
    • Қазақ рулары
    • Тұлғалар
  • Тағылым
  • Руханият
    • Әдебиет әлемі
  • Ғылым-білім
  • Спорт
  • Сұхбаттар
  • Media
    • Бейнежазбалар
    • Фоторепортаж
  • Кітапхана
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
Басты бет»Тарих»Ермакты казак емес, керейіттер деп аталатын ғұн тайпасының кнәзі болған
Тарих

Ермакты казак емес, керейіттер деп аталатын ғұн тайпасының кнәзі болған

11/05/20140
Ермакты казак емес, керейіттер деп аталатын ғұн тайпасының кнәзі болған

Ермакты казак емес, керейіттер деп аталатын ғұн тайпасының кнәзі болған Сібірді жаулап алған Ермактың есімі көп құпияға толы. Орыстардың өзі әлі күнге дейін Ресейге үлкен еңбек сіңірген осы адамның шыққан тегі туралы жарытып ештеңе білмейді. Себебі тарихи еңбектерде казак Ермактың Сібірді қалай бағындырғаны ғана жазылған. Оның түп-тұқияны туралы еш дерек жоқ. Бірақ атына көз жүгірткен адамға Ермак есімі әлдебір сыр бүгіп жатқандай әсер қалдыратын. Төркіні түріктерден тамыр тартатын тәрізді. Өйткені славян нәсілінде мұндай есім мүлде ұшыраспайды. Ермак есімі әлі талай ғасырға дейін құпиясын ашпай кетуі де мүмкін еді. Бірақ жуырда ғана Ресейдің «Наука и религия» журналында М.Валиев деген оқымыстының Ермактың тегіне қатысты жазылған көлемді мақаласы жарияланды. Онда зерттеуші Ермакты казак емес, керейіттер деп аталатын ғұн тайпасының кнәзі болған деген тұжырым жасап, оған бірнеше бұлтартпас дәлел келтіріпті. Ныспысы Ермар Темучин (тұпнұсқа бойынша) екен. Тіпті жәй ғана кнәз емес, өз тайпасының көсемі әрі епископы да болған көрінеді. Өйткені керейіттердің ханы он бірінші ғасырларда христиан дінінің несториан бағытын қабылдағаны тарихи жазбаларда жазылған. Ал Сібірді шапқан себебі Көшім хан тартып алған өз ұлысын қайтарып алғысы келіпті. XIV- ғасырларда Ақсақ Темір Орталық Азиядағы несториан қауымдарын күл-талқан еткен соң, олар Сібірге қарай бас сауғалап қашады. «Кейін Сібірде христиандардың қарасы көбейіп, керейіт көсемдерінің көбісінің есіміне «Мар» деген қосымша мәртебе қосылды. Ал Шыңғыс тұқымы Абақты жеңгеннен кейін оған «Ер» деген мәртебе жалғанып, Сібір билеушілері «Ер-Мар» яғни, батыр-пірадарлар деп атала бастады. Абақты жеңген соң көп ұзамай Ер-Мар Мұхаммед Әскер деп аталатын қаласын жаңа Сібірдің астанасы етіп бекітті. Бұл қаланы іргелес елдегілер Қашлық деп атаған»-дейді зерттеуші. Бірақ, 1563 жылы Абақтың тұқымы Көшім хан астананы басып алып, оның тұрғындарын қырып салады. Иоанн Ер-Мар Темучиннің ұрпақтарының тек біреуі ғана қашып құтылыпты. Сібірдегі «шоқынды түріктер» кейін орман-тоғайда тығылып жүрген осы мұрагерді Ермак деп атап, оның қайтып келіп таққа отырар күнін сабыла күткен деседі. Бұл зерттеуші М. Валиевтің жасаған тұжырымы. Соған қарағанда, Сібірде «шоқынды қыпшақтар» мен мұсылман болған қыпшақтар арасында кәдімгідей үлкен қақтығыс болған тәрізді. Өкінішке қарай, тарихшыларымыз Ібір-Сібір тарихының осы бір таса тұсы туралы өте аз жазған. Мүмкін Ермак шыныменде шоқынып кетіп, кейін сыртқа тепкен өз қандастарымыздың бірі шығар? Бірақ оның өз ұлысын қайтарып алуға тырысқан әйгілі жорығы Ресейге кездейсоқ Сібірді ашып берді. Оның бар «айыбы» осында болуы мүмкін. Әрбірден кейін Ермактың Сібірді Ресейге қосу үшін саналы түрде күрес жүргізгеніне күмән бар. Орыс тарихының арғы-бергі шежіресінде абайсызда Ресейді нығайтуға атсалысқан мұндай «ер түріктер» қаншама.. Бұдан көзіқарақты оқырманның өзі қорытынды жасар. Менің мақсатым әлеуметтік желідегі «достарымды» тарих саласында болып жатқан тосын жаңалықтардан құлағдар ету еді. Ал орыс зерттеушісінің мақаласы былай аяқталыпты: « Мүмкін әйгілі казак атаманы жатжұрттық болған деген ақпарат әлдекімге ұнамайтын шығар. Тіпті оның таза православ дінінде болмағаны да кім-кімнің болсын көңіліне қылау түсірері анық. Бірақ бұл болжам ғана. Тарихта Православша Ерма деп аталған мықты казактың да өмір сүрген болуы әбден мүмкін. Бірақ, бізге қажеті бұл емес. Нағыз патриотты ешқашан шыққан тегіне қарап бағаламайды, нағыз патриоттар Отанына тигізген пайдасының ауқымымен өлшенеді»

Jolimbet Makishev

Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous ArticleБүгін қазақтың ғұлама ғалымы Әлкей Марғұланның туған күні!
Next Article Алаш, Үш жүз һәм Қазақ атауларының шығу негізі мен мән-мағынасы

Оқи отырыңыз...

Нұралы батыр 1730 –1794

19/11/20263

Детектив жанры қазақ әдебиетіне қалай келді және оның басында кім тұрды?  

06/10/20261

ЖАЗУШЫЛЫҚ ҰЛЫЛЫҒЫНА ҚАРАМАСТАН, ТІРЛІКТЕ ӨТЕ ҚАРАПАЙЫМ ЕДІ

03/10/20262
Фоторепортаж

Бейнежазба









Серіктестер
Бізбен байланыс
Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com
Жарияланған материалдарды сілтемесіз көшіруге болмайды.. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.
Demo
Top Posts

Есте қалар ел тарихы

20/07/201473

Шежіре — Оймауыт пен Бөгежіл руы

13/11/201464

Самырат шежіресі

30/09/201346
Stay In Touch
  • Facebook
  • YouTube
  • TikTok
  • WhatsApp
  • Twitter
  • Instagram
Latest Reviews

Subscribe to Updates

Get the latest tech news from FooBar about tech, design and biz.

Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp Telegram
©2025 - 2026 / Nomadtimes.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Демеушілер

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.