Түркістан қаласында орналасқан Қожа Ахмет Иассауи кесенесі Қазақстан мен Орта Азия тарихы мен сәулет өнерінің ең таңдаулы жәдігерлерінің бірі. Күллі Орталық Азия көлемінде ауқымы мен көркемдік деңгейі тұрғысынан алып қарағанда, оған тең келетін бірде-бір сәулет ескерткіші жоқ. Иассауи кесенесі «ЮНЕСКО-ның әлемдік мұра тізіміне» енген Қазақстанның алғашқы тарихи жәдігері. Соңғы жылдары кесененің сақталу жағдайы жалпы жұртшылықты, зиялы қауымның өкілдерін алаңдатып отыр. Осы жағдайларды ескере отырып, Иассауи кесенесіндегі бас-аяғы жоқ жөндеу жұмыстарының барысы, еліміздегі мұраны күтіп-сақтаудың өзекті мәселелері Уәлихан Бишімбаев пен басқа да Мәжілістің азулы депутаттары тарапынан ҚР Премьер-Министріне депутаттық сауал ретінде қойылуы өте орынды, құптарлық әрекет. Алайда көп уақыт өтпей-ақ, «Айқын»…
Автор: admin
ЕР ЖӘНІБЕК – 300 ЖЫЛ 2014 жыл Абылай хан дәуіріндегі әйгілі қазақ батыры Жәнібек Бердәулетұлының (1714-1792жж.) туғанына 300 жыл толып отыр. Ол қазақ даласына шабуылдаған жоңғарларға қарсы соғыстарда Абылай хан, Қабанбай, Бөгенбай, Еспенбет, Шөңкей, Ақпантай, Малайсары сынды батырлармен тізе қоса шайқасып, қазақ жерін шапқыншылардан азат етуде ерен ерлігімен аңызға айналған ірі тұлға. Осы орайда Алматы, Астана қалаларында, ШҚО-да батыр тойы салтанатпен аталуда. Алты алашқа сауын айтқан атаулы шараның күн тәртібіне сәйкес Астана қаласы және оның іргесіндегі Қоянды ауылында төменедегідей іс-шаралар өтеді деп жоспарланып отыр: 19-маусым, 2014 жыл. Сағат 10.00. Астана. Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінде Ер Жәнібектің 300 жылдық мерейтойына…
ҚазАқпарат — 11 мамыр күні Алматыда Ер Жәнібек Бердәулетұлының 300 жылдығына орай жарық көрген басылымдардың тұсаукесер рәсімі өтеді. Шара сағат 11.00-де қаладағы RIXOS-Almaty қонақ үйінің конференция залында өтпек. Атап айтқанда, мұнда XVIII ғасырдағы қазақ халқының жоңғарларға қарсы ұлт-азаттық қозғалысында қол бастаған қаһарман батырларымыздың бірі Ер Жәнібек Бердәулетұлы туралы «Ер Жәнібек — 300 жыл» анықтамалық-библиографиялық ғылыми жинағының, Моңғолиядағы қазақ жазушысы Сұлтан Тәукейұлының «Ақыр Жәнібек» романының, сондай-ақ «Керейде батыр Жәнібек» аудиобейне жинағының тұсауы кесілмек. Конференцияға Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы төрағасының орынбасары Талғат Мамашев, «Ер Жәнібек» халықаралық қорының президенті Мақсұт Темірбаев, «Ер Жәнібек» халықаралық қорының вице-президенті Жеңіс Түркия қатыспақ. Сондай-ақ онда ҚР Еңбек сіңірген…

