Кенесары хан басып алып, өртеп жіберген Ақтөбе бекінісі.#Жаңарқаның іргесінде орналасқан екен. С.Сейфуллин атындағы өлкетану мұражайында макеты қойылыпты. от қарумен құрсауланып, қабырғаның артына жасырынған казак әскерін, найза мен садақтың көмегімен-ақ жеңіп шыққан бабаларым ер екен. Мұражай қызметкерінің айтуына қарағанда оқ өтпеудің амалы ретінде шабуылдаушылар тобылғыны домалақтап қалқан (бронижелет) ретінде пайдаланған. Сонымен қатар қорған ішін әбден зерттеген Наурызбай батыр жазықта ғана шауып үйренген аттарды бірнеше ай қорған ішінде жорық жасауға машықтандырған. Nurlyhan Kalkaman facebook парақшасынан алынды #qazaqia2015
Автор: admin
ШЕТЕЛДІК ҚОНАҚТАР Еуразия университетіне көне Табғаш астанасынан өкілдер үйірмесі келді. Си-ань шет тілдері университетінің (Xi`an International Studies University) ректоры, проф. Лю Юэлянь ханым ЕҰУ ректоры, проф. Е.Б.Сыдықов мырзамен болған кездесуінде оқыту мен ғылыми-зерттеу бағытында көптеген мәселелер бойынша уағдаластыққа қол жеткізді. Шетелдік қонақ сондай-ақ, Халықаралық қатынастар факультетінің деканы Б.Сомжүрекпен, Конфуцзы институты директоры С. Қошановамен, Шығыстану кафедрасы меңгерушісі С.Төлеубаевалармен кездесіп, нақтылы қарым-қатынас жағдайын сөз етті. Университетіміздегі Күлтегін ескерткіші мен жазу тарихы мұражайын аралап, ғалымдарымыздың ұлттық тарихи сананы қалыптастыру бағытындағы қолжеткен табыстарына жоғары баға берді. Тұрсынхан Зәкенұлы facebook парақшасынан алынды
ҚР СІМ Ерекше тапсырмалар жөніндегі Елшісі – Ресми өкілі А. Әбибуллаевтың түсініктемесі Сириялық оппозицияның жекелеген өкілдерінің Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың атына жолдауын алғанымызды және ол осындай жағдайға сәйкес және сыпайылық ережелері талап ететіндей қарастырылғанын растаймыз. Осыған орай, ҚР Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысовтың атынан жауап-хат жолданды. Біздің еліміздің принципиалдық ұстанымдары келесі мәселелерді қамтиды: Қазақстан БҰҰ, Араб мемлекеттер лигасы, АҚШ, РФ өкілдік еткен халықаралық қауымдастықтың қабылдап отырған шараларын, сонымен қатар сириялық билік пен оппозицияның зорлық-зомбылық пен қантөгісті тез арада тоқтату мақсатында өзара үнқатысу мен татулық арқылы Сирияның саяси болашағын айқындауға бағытталған күш-жігерін қолдайды. Осыған орай, Қазақстан Сириядағы қақтығысты реттеу бойынша…

