Кенесары хан басып алып, өртеп жіберген Ақтөбе бекінісі.#Жаңарқаның іргесінде орналасқан екен. С.Сейфуллин атындағы өлкетану мұражайында макеты қойылыпты. от қарумен құрсауланып, қабырғаның артына жасырынған казак әскерін, найза мен садақтың көмегімен-ақ жеңіп шыққан бабаларым ер екен. Мұражай қызметкерінің айтуына қарағанда оқ өтпеудің амалы ретінде шабуылдаушылар тобылғыны домалақтап қалқан (бронижелет) ретінде пайдаланған. Сонымен қатар қорған ішін әбден зерттеген Наурызбай батыр жазықта ғана шауып үйренген аттарды бірнеше ай қорған ішінде жорық жасауға машықтандырған.
Nurlyhan Kalkaman facebook парақшасынан алынды






