Уақиға былай басталды. Төрт би төре кезінде Алтай бетінен ауған елдің тобыры молығып, малдың жайылысы тарылып, ақыры ақтай, бардам, жуанған сияқты көптеген ауылдар Қобда жеріне ауып кетеді, Алтайдағы Бейжиңге беретін он мың сәрі күміс, төре, билердің және Алтайдағы уәкіл әкімнің алмандары да төмендеп қана қалмай, уәкіл әкімнің қолындағы «шекара қорғайды» деп әкелген мыңға жуық әскердің атының жемі мен азығын әзірлеу қиыншылығы туып, амалсыз қалғандықтан, мұндағы елдің салығы ауырлайды да, қалған ел Төрт биге арыз айдап, қалқаға кеткендерді алып келіп, алманды тең алуды өтінеді. Бұлармен қоса өздерінің «жайлымдарын тарылтып, қоғамымызды тынышсыздандырды» деп іргесіне келген Қазақтарға көз қызылдық істеп арызданып жатқан Моңғұлия…
Автор: admin
ҚазАқпарат — Көп жылдан бері Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетімен бірлесіп жұмыс жасап келе жатқан Колумбия университетінің тарихшысы Рафис Абазов Ватиканның құпия мұрағаттарынан Қазақстанның белгісіз карталарын тапты, деп хабарлады Zakon.kz.Рафис Абазов «Рим және Алаш: мәдени мұра» ғылыми жобасының аясында мұрағаттарды зерттеуге шақырылған болатын. Бұл жобаны Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының ректоры, PhD доктор Андрей Хазболатов және «Италия» білім беру орталығының директоры, итальян тілін оқытушы Кармине Барбаро бірлесе жүзеге асырылған. Ғалымдар Ресей империясының Еуразияның көшпелі тайпаларымен, соның ішінде қазақтармен өзара байланысына қатысты дәлелдер табуға үміттенді. Құпия мұрағаттарды зерттеу кезінде Қазақстан аумағына қатысты карталар табылды. «Меніңше, бұл табылған деректер Қазақ мемлекеттілігінің…
Атажұртта көрген аз ғана қиындық түкте емес Ғаламторды ашып қарасаңыз да, газеттерге жарияланып жатқан материалдарды зерделеп қарасаңыз да қазір көші-қонға байланысты ой-пікірлер мен ұсыныстарды оқуға болады. Жалпы, сырттағы жаутаңкөз қазақтың Атажұртына деген аңсары бұрынғысынан да күшейе түскенін мына соңғы үш жылда келген халық саны (Оралман мәртебесін иеленген ағайындарымызды айтамын) айқындап тұрғандай. Қараңыз: Өкінішке орай, соңғы жылдары оралмандардың Атамакеніне келіп оңтайлы орналасып бейімделуіне жәрдемін тигізіп келе жатқан Көші-қон мәселесімен айналысатын мемлекеттік мекеменің өзі көшіп қонып кетті. Философия ғылымының докторы профессор, Серік Нұрматов ағамыз «Алаш айнасы» (24.04.2013 ж) газетіне берген сұхбатында: «Бізде оралмандар мәселесімен айналысатын мемлекеттік құрылымдар 20 жыл бойы үнемі…

