Close Menu
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Тарих
    • Қазақ шежіресі
    • Қазақ хандары
    • Қазақ рулары
    • Тұлғалар
  • Тағылым
  • Руханият
    • Әдебиет әлемі
  • Ғылым-білім
  • Спорт
  • Сұхбаттар
  • Media
    • Бейнежазбалар
    • Фоторепортаж
  • Кітапхана
Facebook X (Twitter) Instagram
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Қазақ тілі
    • Қазақ тілі
    • Русский
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Тарих
    • Қазақ шежіресі
    • Қазақ хандары
    • Қазақ рулары
    • Тұлғалар
  • Тағылым
  • Руханият
    • Әдебиет әлемі
  • Ғылым-білім
  • Спорт
  • Сұхбаттар
  • Media
    • Бейнежазбалар
    • Фоторепортаж
  • Кітапхана
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
Басты бет»Қоғам»«Өздеріңіздің қосатын ұсыныс-тілектеріңіз болса, қабылдауға әзірміз. Енді сіздер жер-жердегі ағайындарға хабарласыңыздар, ұсыныстарыңызды енгізіңіздер», — деді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Көші-қон комитеті төрағасының орынбасары Аслан Қаржаубаев.
Қоғам

«Өздеріңіздің қосатын ұсыныс-тілектеріңіз болса, қабылдауға әзірміз. Енді сіздер жер-жердегі ағайындарға хабарласыңыздар, ұсыныстарыңызды енгізіңіздер», — деді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Көші-қон комитеті төрағасының орынбасары Аслан Қаржаубаев.

06/05/20141
ҚазАқпарат — Алматыда Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығында көші-қон мәселелері талқыланды.Жиынға жиналған оралмандар қауымы көші-қон саласындағы кедергілерді жою,  азаматтық, тұрақты қоныстану, арнайы мемлекет бекіткен өңірлерге қоныстану сияқты мәселелерді көтерді.

Әңгіме өзегі  2013 жылы желтоқсанда оралмандар жөнінде қабылданған заңда кеткен бірқатар шикіліктерді жою туралы ҚР Үкіметінің 22 сәуірдегі қаулысы жайлы өрбіді.

Естеріңізге сала кетейік, 2013 жылғы 10 желтоқсанда бекітілген «Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне еңбек миграциясы мәселелері бойынша түзетулер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға сәйкес оралмандарға азаматтық Қазақстанға көшіп келген соң 4 жылдан кейін берілетін болған еді. Ал 8 сәуірден бастап Үкіметтің «Оралмандарды жайғастыру өңірлерін айқындау туралы» №248 қаулысы бойынша Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарынан өзге өңірлерге келген этникалық қазақтарға оралман мәртебесін беру тоқтатылған.

22 сәуірде ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова өз мәлімдемесінде бұл аймақтардан өзге жерлерге келген этникалық қазақтарға «шетел азаматы ретінде төлем қабілетін растауы» туралы шектеу алынып тасталатын айтқан еді.

Министр ханым енді сырттан келген қандастарымызға келесі жылдан бастап Қазақстанның қай өңіріне келсе де оралман мәртебесі берілетінін және 1 жылдың ішінде азаматтық ала алатынын жеткізген.

Жалпы көші-қон мәселесі бойынша 22 сәуірде өткен Үкімет отырысынан кейін ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жанынан құрамына барлық құзырлы орган өкілдері мен Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы тарапынан төрағаның орынбасары Сұлтанәлі Балғабаев кіретін арнайы жұмыс тобы құрылған болатын. Оралмандар мен олардың отбасы мүшелерін бейімдеу және ықпалдастыру тетігін жетілдіру жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобы Қазақстан заңнамалары мен нормативтік-құқықтық актілеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар туралы өз ұсынысын министрлікке 5 мамырға дейін табыс етуі тиіс болған еді. Енді бұл мәселе Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының осы жиынынан кейін, 15 мамырда Министрліктер үйінде өтетін жұмыс тобының отырысында талқыланбақ.

«Өздеріңіздің қосатын ұсыныс-тілектеріңіз болса, қабылдауға әзірміз. Енді сіздер жер-жердегі ағайындарға хабарласыңыздар, ұсыныстарыңызды енгізіңіздер», — деді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Көші-қон комитеті төрағасының орынбасары Аслан Қаржаубаев.

Автор: Гүлмира Ғосманәли
Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous ArticleСерік Қирабаев, академик: Қасым туралы артық айтқанымды мойындаймын
Next Article Қытайлар:бір малшы Қазақты өлтірсеңдер құнын мен төлеймін, және 400 мың юан беремін

Оқи отырыңыз...

Бұрын жұмысқа алу үшін орысша білуді талап етсе, қалыпты нәрсе еді, қазір “неге олай?” деген сұрақ көбейген

03/10/20261

Қытай интеллигенциясы қытай иероглифін сынады, қытай тілін емес…

23/08/20262

Дағдарысқа қарсы қазақ этногенезінің жаңа концепциясы

17/08/20262
Фоторепортаж

Бейнежазба









Серіктестер
Бізбен байланыс
Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com
Жарияланған материалдарды сілтемесіз көшіруге болмайды.. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.
Demo
Top Posts

Есте қалар ел тарихы

20/07/201473

Шежіре — Оймауыт пен Бөгежіл руы

13/11/201464

Самырат шежіресі

30/09/201346
Stay In Touch
  • Facebook
  • YouTube
  • TikTok
  • WhatsApp
  • Twitter
  • Instagram
Latest Reviews

Subscribe to Updates

Get the latest tech news from FooBar about tech, design and biz.

Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp Telegram
©2025 - 2026 / Nomadtimes.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Демеушілер

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.