Қытайда тұратын бір жарым миллион қандасымыздың біразы Шыңжаң ұйғыр автономиясының орталығы Үрімжі қаласында тұрады. Негізінен қала маңына шоғырланған қазақтар мал шаруашылығымен айналысады. Соңғы жылдары Қытай үкіметі тұрғылықты халықтың жерін сатып алып, әртүрлі мақсаттарға(завод-фабрика, демалыс орындары) пайдаланып келген. Сол арқылы Ішкі қытайдан ағылған жұмысшалар нөпірін Шыңжаңға қоныстандыруды мықтап қолға алып еді.
Үрімжі ауданы Банфаңгу ауылдығы нансан тауында малшы Қазақтардың үйлерін бұзып-шағып, жерінен, жайлауынан зорлық-зомбылықпен қуып түсіп, Қазақтардың жерін заңсыз тартып алып , саяқат орындарын ашқан жинбейфаң серіктігінің (新疆金北方投资有限责任公司) бастығы жаңзұң (张新生) былай деген: “бір малшы Қазақты өлтірсеңдер құнын мен төлеймін, және 400 мың юан беремін” деп жұмыс істеушілердің қолына темір тесе беріп малшыларды шапқызып өлміші еткен. Сақшыларға пара беріп жәбірленушіледі қаматқан. Сот бастығы мен шенділерге пара беріп қазақтардың арызын қабылдатпай қойған.
Шынжаң өлкелік саяси кеңестің торағасы Асхат Керімбайұлы тексеріп барғанда кеудесінен арқасына дейін тесе қадалып қансырап, емханада әрең жаны қалған ауыр зақымдалушы Қазақ апа таяқ жеген уақиғаның кескін, суретін Асхат Керімбайұлының қолына ұстатады. Асхат Керімбайұлы барлық уақиғаны толық көріп шығып, жинбейфаңның бастығын шақыртқанда, жинбейфаңның бастығы пекинге қашып барып ондағы Шынжаңнан қуылған таныстарын(Уаң лы шуан, сымайыл тілепалды ұйғыр ) арқаланып Асхат Керімбайұлын тоқтатып, істі соңына дейін тексертпейды. Бұл уақиғаны Асхат Керімбайұлы айтып берген. барлығы шындық. жергілікті қазақтардың осындай парақорлық және тероршылдық әрекеттерді тыиуға арызданғалы 10 жылдан асқан, әлі күнге дейін шешілмеген. Жинбейфаң серіктігінің бастығы сотталмаған ,керісінше малшылардың жайлауын жалғасты тартып алуда, қарсы келгендерін күш қолданып қорқытуда.
жағдайдың осыған жетуіне басты кінәлілар жем қорлық жәйлаған өлкелік , аудандық және жергілікті атқарушы барлық құзырлы орындар.
senkazakh.com .


