Автор: admin

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың, ҚХР Президенті Ши Жинпиңнің назарына!   Қытайда тұратын бір жарым миллион қандасымыздың біразы Шыңжаң ұйғыр автономиясының орталығы Үрімжі қаласында тұрады.  Негізінен қала маңына шоғырланған қазақтар мал шаруашылығымен айналысады. Соңғы жылдары Қытай үкіметі  тұрғылықты халықтың жерін сатып алып, әртүрлі мақсаттарға(завод-фабрика, демалыс орындары)  пайдаланып келген.  Сол арқылы Ішкі қытайдан ағылған жұмысшалар нөпірін Шыңжаңға қоныстандыруды мықтап қолға алып еді. Үрімжі қаласының маңындағы Дабанчың районы сондай ауданның бірі. Сол ауданда Тиянь-шан шаруа қожалығына қарасты 1 ауылда малшылардың «Машинақұдық» деп аталатын көктеулігі бар. Кеше ғана сол Көктеулікте бүкіл елді шулатқан қанды оқиға болды. Оқиғаның мән-жайы былай болған. Жақында Қытай билігі дәл осы…

Read More

Одессада жұма күні қақтығыстар салдарынан ондаған адамның құрбан болуына байланысты үш күндік аза тұту жарияланды. 2 мамыр күні ресейшіл белсенділер мен Украинаның біртұтастығын қолдап шеруге шыққандар арасында қақтығыс болып, қаладағы бес қабатты Кәсіподақтар үйі ғимаратында өрт шыққан. Куәгерлердің сөзіне сілтеме жасаған «Украинская правда» басылымының хабарлауынша, Кәсіподақтар үйі жағынан қарудан атқан дыбыстар естілген, ізінше ғимаратта өрт тұтанған. УНИАН тілшісі бес қабатты ғимараттың екінші және төртінші қабатында өрт шыққаны туралы хабарлады. Кейбір ақпараттар бойынша, ғимараттан «Украинаның тұтастығы үшін» шеруіне шыққандарға қарата оқ атылған. Украина ішкі істер министрлігі кемінде 31 адамның қаза болғанын, олардың кейбірі өрт кезінде ғимараттан секіріп, кейбіреулер түтіннен тұншығып мерт…

Read More

Украинаның ұлттық гвардия қолбасшысы Степан Полторакке сілтеме жасаған ішкі істер министрлігі баспасөз қызметі Славянск қаласы сепаратистерден толық тазартылды деп хабарлады. Полторактың сөзінше, операция кезінде ұлттық гвардиядан ешкім зардап шекпеген. Славянскіге кіретін жолдар жабылғаны, қаланың толық қоршалғаны хабарланды. Украин билігі ондағы ресейшіл белсенділерден заңсыз ұстап отырған азаматтарды босатуын, қаруларын өткізіп, берілуін талап еткен. 2 мамыр күні басталған операция кезінде украинаның екі «Ми-24» тікұшағын сепартистер атып түсіріп, екі адамды мерт еткен, бірнешеуін жаралаған. Славянскідегі ресейшілдердің сөзінше, операция кезінде олардың бір белсендісі қаза тауып, біреуі жараланған. Еуропа Одағының (ЕО) сыртқы саясат жөніндегі комиссары Кэтрин Эштонның хатшысы Майя Коцьянчич 2 мамырда ЕО-ның Украинадағы оқиғаларға алаңдап отырғанын, ресейшіл белсенділерді басып алған әкімшілік…

Read More