Close Menu
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Тарих
    • Қазақ шежіресі
    • Қазақ хандары
    • Қазақ рулары
    • Тұлғалар
  • Тағылым
  • Руханият
    • Әдебиет әлемі
  • Ғылым-білім
  • Спорт
  • Сұхбаттар
  • Media
    • Бейнежазбалар
    • Фоторепортаж
  • Кітапхана
Facebook X (Twitter) Instagram
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Қазақ тілі
    • Қазақ тілі
    • Русский
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Тарих
    • Қазақ шежіресі
    • Қазақ хандары
    • Қазақ рулары
    • Тұлғалар
  • Тағылым
  • Руханият
    • Әдебиет әлемі
  • Ғылым-білім
  • Спорт
  • Сұхбаттар
  • Media
    • Бейнежазбалар
    • Фоторепортаж
  • Кітапхана
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
Басты бет»Тарих»Ватиканның құпия мұрағаттарынан Қазақстанның белгісіз карталары табылды
Тарих

Ватиканның құпия мұрағаттарынан Қазақстанның белгісіз карталары табылды

05/05/20140
 ҚазАқпарат — Көп жылдан бері Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетімен бірлесіп жұмыс жасап келе жатқан Колумбия университетінің тарихшысы Рафис Абазов Ватиканның құпия мұрағаттарынан Қазақстанның белгісіз карталарын тапты, деп хабарлады Zakon.kz.Рафис Абазов «Рим және Алаш: мәдени мұра» ғылыми жобасының аясында мұрағаттарды зерттеуге шақырылған болатын.

Бұл жобаны Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының ректоры, PhD доктор Андрей Хазболатов және «Италия» білім беру орталығының директоры, итальян тілін оқытушы Кармине Барбаро бірлесе  жүзеге асырылған.

Ғалымдар Ресей империясының Еуразияның көшпелі тайпаларымен, соның ішінде қазақтармен өзара байланысына қатысты дәлелдер табуға үміттенді. Құпия мұрағаттарды зерттеу кезінде Қазақстан аумағына қатысты карталар табылды.

«Меніңше, бұл табылған деректер Қазақ мемлекеттілігінің нақты генезисі мен даму динамикасын түсінуге көмектеседі. Қазіргі қазақ мемлекеттілігі 16-17 ғасырларда пайда болды деп саналады және тарихшыларда сол кездегі қазақ тайпаларының сыртқы әлеммен байланысы жайлы мәлімет аз. Сонымен бірге, ғалымдар олардың Қытай және Ресеймен қарым-қатынасына ерекше назар аударады. Алайда бұл карталар қазақ халқының билеушілері сыртқы әлеммен байланысты кеңінен орнатуы, Оңтүстік Азия , тіпті Батыс Еуропаға дейін байланыс жасауы мүмкін екенін айғақтайды», — дейді Абазов.

Ватиканның құпия мұрағаттарына рұқсат алу оңай емес, Абазовтың құжаттармен жұмыс істеуге рұқсат алу үшін бір жыл күтуіне тура келген. Табылған карталар шамамен 16-17 ғасырларға тиесілі. Сонымен бірге, ғалым Рим папасының татар-моңғолдардың ханына жазған хаттарын тапты.
02030405

Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous ArticleАтажұртта көрген аз ғана қиындық түкте емес
Next Article Асылбектің басы кесілу оқиғасы

Оқи отырыңыз...

Нұралы батыр 1730 –1794

19/11/20263

Детектив жанры қазақ әдебиетіне қалай келді және оның басында кім тұрды?  

06/10/20261

ЖАЗУШЫЛЫҚ ҰЛЫЛЫҒЫНА ҚАРАМАСТАН, ТІРЛІКТЕ ӨТЕ ҚАРАПАЙЫМ ЕДІ

03/10/20262
Фоторепортаж

Бейнежазба









Серіктестер
Бізбен байланыс
Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com
Жарияланған материалдарды сілтемесіз көшіруге болмайды.. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.
Demo
Top Posts

Есте қалар ел тарихы

20/07/201473

Шежіре — Оймауыт пен Бөгежіл руы

13/11/201464

Самырат шежіресі

30/09/201346
Stay In Touch
  • Facebook
  • YouTube
  • TikTok
  • WhatsApp
  • Twitter
  • Instagram
Latest Reviews

Subscribe to Updates

Get the latest tech news from FooBar about tech, design and biz.

Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp Telegram
©2025 - 2026 / Nomadtimes.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Демеушілер

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.