Автор: admin

Ресейдің Забайкал өлкесінің Карымск ауданында әскери қоймадағы жарылыстан қаза тапқандар саны 16 адамға жетті. Тағы бірнеше тұрғын жарақат алды. Мұндай мәліметті аймақтық баспасөз қызметінің өкілдері келтіріп отыр. Қару-жарақ қоймасы атылған соң, жарылыс соңы өртке ұласқан. Зардап шеккендердің денесін күйік шалғаны анықталды. Жараланғандардың төртеуі ауыр хәлде жатыр. Қалғандарына алғашқы дәрігерлік көмек көрсетіліп, үйлеріне жіберілді. Жергілікті билік әскери қоймаларға жақын орналасқан 3 ауылдың халқын қауіпсіз жерге көшірді. Олар өзге елдімекендерге қоныстандырылып, туыстары арнайы жасақталған орынға орналастырылды. Аймақ прокуратурасы кісі өліміне қатысты қылмыстық іс қозғады. Жарылыстар орман өртінен болған. Ыстық ауа райы мен күшті жел тілсіз жауды әскери қоймаларға дейін әкелді. 24.kz

Read More

Бүгін Оңтүстік Америкадағы француздық Гвианадағы Куру ғарыш айлағынан қазақстандық KazEOSat-1 спутнигі ұшырылды деп хабарлайды 24.kz телеарнасы. Қазақстандық спутник тиелген еуропалық «Вега» зымыран тасығышы Астана уақыты бойынша сағат 07:35-те әуеге ұшырылған. Спутник енді Жерден шамамен 700 километр қашықтықтағы күннің синхронды орбитасына шығарылмақ. Жерді қашықтан зондылауға арналған KazEOSat-1 спутнигі «Қазақстан ғарыш сапары ұлттық компаниясы» мен француздың «Airbus Defence and Space» компаниясы арасындағы келісім бойынша жасалған. KasEOSat-1 спутнигін ұшыру әуелде 29 сәуірге жоспарланған болатын. Бірақ ауа-райының қолайсыздығына байланысты ұшыру бір күнге кейінге шегерілді. Мейірбек Молдабеков, ҚР Ұлттық ғарыш агенттігі төрағасының орынбасары: — Бұл жерсеріктің ең үлкен пайдасы ауылшаруашылығына тиеді. Егіннің жағдайы, қанша өнім беретінін…

Read More

 Дулат ТҰРАНТЕГІ Ерлері, батырлары жоқ халық – бишара халық.  (Б. Брехт) Қасиетті Созақ топырағының төл перзенттерінің бірі – Ер Едіге. Алтын Орда ыдырай бастаған шақта сол тұтастықты қалай да сақтап қалам деп жаңа Ноғай ордасын құрып, Әмірі болады. Өзі қарадан шыққандықтан, хан болуға құқығы жоқ болғандықтан Жошы хан ұрпақтарынан Тоқтамыстың таққа қайта оралуына жәрдем етеді. Одан соң Ақсақ Темір жасағында қолбасшы болады. Тоқтамыс ханның әкесі Құттықияны өлтіргенін біліп, оған қарсы шығады. Бұл ниетін сезген хан Сыпыра жыраудан бұл баланың кім екенін сұрайды Сонда көп жасаған жырау: Құба ұлдың шынты асылы сол Баштағысы ұлы атасын мен айтсам, Баба Түклас нарт…

Read More