Автор: admin

     30 сәуірде елордада «Домбыра-дастан» атты ІІ қалалық домбырашылар байқауы  өткізіледі. Қазақстан халқының бірлігі күніне орайластырылған шараға өзге ұлт өкілдерінің балалары қатысады. Бұл туралы astana.kz сайтына қалалық Білім басқармасынан хабарлады. Байқаудың негізгі мақсаты — оқушылардың музыкалық-әсемдік тәрбиесін жетілдіру, орындаушылық шеберлігін арттыру, неғұрлым қабілетті, кәсіби келешегі бар оқушыларды айқындау, өзге ұлт өкілдері балаларының арасында қазақтың ұлттық домбырасын насихаттау арқылы өнерлерін дамыту болып табылады. Байқауға қатысуға Астана қаласы жалпы білім беретін мектептерінің 10-14 жастағы өзге ұлт өкіл оқушыларынан 15 талапкер өтініш берді. Байқаудың шарттары бойынша әр мектептен «дәстүрлі ән» және «қазақ күйі» аталымдары бойынша 2 оқушы ғана қатыса алады. Қазылар алқасы…

Read More

Ақын Ерлан Нұрдыханұлы 1975 жылы қыркүйектің 9 жұлдызында ҚХР, Алтай Көктөғай ауданының Өндірқара деген жерінде дүниеге келген. 1997 жылы Іле педагогика институтының саясат факультетін бітірген. «Армысың, ару дүние…», «Таң бөбегі», «Көлеңке көзіндегі елес» жыр жинақтарының авторы. Мен іздеймін балалығымды Мен іздеймін балалығымды, Сағынам. Тәп-тәтті мұңмен табиғатыма шағынам. Көңілдегімді көзі шалса егер, Патша да Іздесер еді-ау, секіріп түсіп тағынан. Мен іздеймін балалығымды… Сағынам. Қайсы бағытқа қарасам да, әттең, қамығам. Аспан атызда жарқырап жатыр орақ ай, Айтшы сен уақыт, айырылды ол қашан сабынан? Сапсыз орақ, сары ала дүние, салқын кеш, Сандалған сана, сағыныштармен ал, тілдес. Балалығым-ай, барлығы сенен садаға, Періште…

Read More

Сәуір айында біреулер Сталиннің, біреулер Гитлердің дүниеге келгенін айтып жатады. Рас, шынында да солай. Бірақ,  бұл айда  осыдан 63 жыл бұрын қазақтың ардагер ұлдарының бірі, Шығыс Түркістандағы ұлт азаттық көтерілістің даңқты қолбасшысы Оспан Сіләмұлы шейіт болған. Сталиннің, Мао Цзе Дунның, Чан Кай Шидің  жандайшаптарымен өмірінің соңына дейін тіресіп өтіпті жарықтық. Сөйткен Оспан  батырдың  туғанына биыл 115 жыл толыпты.  Біз осы жайды  ескере отырып  Хан Кененің ісін жалғастырған, алаштың азаттығы жолында басын бәйгеге тіккен  баһадүрдің  өмірі туралы  жазушы Қалбан Ынтыханұлынан сұхбат алған едік.    –   Бүгінде Оспан батыр Сіләмұлы туралы әр алуан пікір айтылып жүр. Оспан батырдың ұлт тарихындағы орны өз…

Read More