Автор: admin

ҚазАқпарат — Интеграция аясында барлық елдердің мемлекеттік тілдері бірдей қолданылуы керек. Бүгін М.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінде еуразиялық интеграцияның жаңа перспективалары тақырыбындағы дәрісі барысында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев осылай мәлім етті. «Қатысушы мемлекеттердің мектептері мен жоғары оқу орындарында тарихты, әдебиетті, мәдениетін, мұрасын және ең бастысы — бір-бірінің тілдерін оқытуды ынталандыру маңызды. Егер де бұны мектеп жасынан бастаса, онда еш қиындығы жоқ. Қазақстанда заң бойынша міндетті түрде бірінші сыныптан бастап мемлекеттік қазақ тілі, орыс және ағылшын тілдері оқытылады», — деді Президент. Елбасының пайымынша, әр ел бір-бірінің тілін меңгерсе, бұл өз кезегінде адамдарды жақындастырар еді. «Болашақта пайда болатын еуразиялық хабар тарату құрылымдары интеграциялық…

Read More

Халқымызда ел есінде қалған Жәнібек есімді ерлер көп. Солардың бірі – Хан Абылай тұсындағы батырлар заманында туған Ер Жәнібек. Жоңғар шапқыншылығына қарсы күресте айрықша батырлығымен, шешендігімен, мәмілегерлігімен аты шыққан – Жәнібек Бердәулетұлы. Халқымыздың тұтас ел болуы жолында ерен еңбек сіңірген батырдың туғанына биыл – 300 жыл толыпты. Осыған орай, «Ер Жәнібек» халықаралық қоғамдық қорының ұйымдастыруымен батырдың мерейлі жылы арнайы аталып өтпек. Біз осы шараның мән-жайын білу мақсатында «Ер Жәнібек» халықаралық қоғамдық қорының Астана қаласындағы атқарушы директоры, белгілі қоғам қайраткері, жазушы Жәди Шәкенұлымен сұхбаттасып қайтқан едік. – Жәди мырза, Жәнібек батыр туралы бір кісідей зерттеген адамсыз. Жазған еңбектеріңіз де жеткілікті. Енді…

Read More

Бейсенбі би Дөненбәй ұлы (1760-ـــ 1850 — жасаған делінсе, өз ұрпақтары 1799- ـــ 1872 — жылдары жасаған деп айтады) 37 жасында Төрт бидің бірі болды, 35 жыл ел биледі, 73 жасында қаза болған. Дөненбәй домбырашы болған, әйелі мәмижәннән туған бейсенбі де домбыраға құмар болып, жастайынан әкесінің баулуында болады, бейсенбі он алты жасқа шыққанда жылқы алған жортуылшылармен жалғыз айқасып қалып, жазым болған әке өліміне қайғырып, «жеке батыр» күйін шығарады әрі маман би, шегетәй батырдың қасында болып, сөзге құлақ түріп, билікке араласумен бірге, топ арасында күй өнерімен көзге түседі. 1836 — жылы билікке отырған соң, әдыл би болып, халқына жағымды болады. Ол…

Read More