Автор: admin

Қырым татарларының лидері, Меджилистің бұрынғы төрағасы Мұстафа Джемилев Нобель бейбітшілік сыйлығына ұсынылды. ВВС-дің хабарлауынша, оның кандидатурасын Татарстан ақсақалдар кеңесі, Татар қоғамдық орталығы және қырым татарларының Меджлисі сияқты біррнеше ұйым аталған сыйлыққа лайықты деп тапқан. Татар ұйымдарының бірлескен мәлімдемесінде Джемилевтің арқасында қырым татарларының Украина қоғамының ажырамас бөлігіне айналғаны айтылған. Мұстафа Джемилев – аса танымал совет диссиденттерінің бірі. Ол сталиндік депортацияға ұшыраған туған халқын тарихи атамекені – Қырымға қайтару мақсатында күресіп, 15 жылдан астам уақыт совет түрмелері мен лагерлерінде қамауда болған. Қырым татарларының жетекшісі бұған дейін де екі рет – 2009 және 2011 жылдары Нобель сыйлығына ұсынылған еді. azattyq.org

Read More

      Ізғұтты батыр ертіс бойы, яғни қазіргі «Қуертіс» қалашығы отырған жерде доржы деген Моңғұл азаматымен тамыр болып, оның тойына бір жолда елу өгіз айдап әкелсе, «қада» мерекелеріне азаматтарын бастап барып сауық — сайран салып, өз өнерлерін көрсетіп, доржының іші — бауырына ене жүріп, онымен достасады. Бір жолы доржы Ізғұттының талай той — томалақтарда бәйгенің алдын бермей жүрген ала байрақ атына көзі түсіп: «не қаласаң да берейін» деп атын сұрайды. Ізғұтты тамырының көңілін қайтарғысы келмей әрі талайдан өзінің де көкейінде жүрген мынау шырылдақ су ағып жатқан тоғаны бар, аяғындағы жазыққа кепештеп тары шашып болсада өзінің соңынан ерген шақабай…

Read More

  1883 — жылы Шонжы қаласының өңтүстік шығысында құмыл сарты мен батысы үрімжі қытайы, шығыс Қобданың Моңғұлымен, терістігі Алтай қазағымен, осы төрт елдің ортасы болғандықтан, алыпсатар сәудәгерлер көбейіп, көлемі кеңейіп, сәудәгерлер арасында мәселелер туылып, жұрттың тыныштығы кете берген соң үрімжі кар генералына арыз беріп, генералдың бұйыруымен қытай, Моңғұл, сарт, Қазақ осы төрт ұлттан төрт шаңия сайланып, шонжы қаласындағы ушыққан сәудәгерлер арасындағы мәселелерді осылар арқылы басқарып, ыңғайлайтын болып шешеді. Сонда Қазақтан жырғалаңның баласы Бөке деген жігітті лайық көріп, оған халық қалың беріп тұратын болып, шаңия етеді. Бөке ел ішіндегі пысық жігіт еді. Бұрын Моңғұл тілін жақсы білетін, екі жылы шонжыда тұрғанда…

Read More