Мемлекет басшысы «Астана ЭКСПО-2017» көрме кешенін салу жұмыстарының кестесімен танысты, сондай-ақ капсуласын салып, құрылыс жұмыстарын бастап берді. Нұрсұлтан Назарбаев Астана қаласының мәслихат депутаттарымен, негізгі мердігер ұйымдар басшыларымен және инвесторлармен әңгімелесті. Өз сөзінде Мемлекет басшысы бүгін «ЭКСПО-2017» нысандарының құрылыс жұмыстарының басталғанын атап өтті. – 2017 жылы елордамыздың жиырма жылдығы көрменің ашылуымен тұспа-тұс келеді. Осы жылдар ішінде мен Астананың көптеген нысандарының құрылысын бастап бердім, ал бірақ дәл мұндай нысанды біз салған емеспіз. Бұл іс жүзінде Астананың бірегей инновациялық ғимараттары бар жаңа орталығы болады. Бұл ретте нысандардың басым көпшілігі желдің күшін, күн және өзге қуат көздерін қамтитын «жасыл» энергиямен қамтамасыз етілетін болады.…
Автор: admin
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Баспасөз хатшысы Н.Айтмахановтың түсініктемесі Біз бірқатар бұқаралық ақпарат құралдары таратқан «Славянсктегі жасақтар арасында ерікті қазақстандықтар бар-мыс» деген ақпаратқа назар аудардық. Таратылған ақпаратта еріктілердің азаматтығын куәландыратын құжаттардың немесе адамдардың нақты есімдерінің жоқ екенін атап өтеміз. Осыған орай, бұл ақапаратты тексеру мүмкін болмай отыр. Бұл ақпаратты негізсіз деп санаймыз. Бірақ, дегенмен, біз құзыретті органдармен бірлесіп, аталған ақпаратты тексеруге тырысып жатырмыз.
Қымбатты замандастар! Әуелі, Халықаралық Кітап және авторлық құқық күнімен барлығыңызды шын жүректен құттықтаймын! Екінші, шын мәніндегі «кітапты – дос – өмір досы» деп білетін шынайы оқырмандарды жаңа кітаптың жарық көруімен құттықтаймын! Бұл өзі қиын әрі қызықты оқиға болды! ))) Менің аға-досым, өте талантты ақын Ақберен Елгезек екеуіміз таңғы армандар мен үміттер биік ғимараттардың үстінен батыл ұшатын замандарда армандап едік: «шіркін, екеуіміз бір кітап шығарсақ» деп. «Ол ерекше кітап болса» деп. Содан бері екі жыл өтіпті. Бірде Астанада… Яғни осыдан он күн бұрын… Екеуіміздің де өміріміздегі тым ұзаққа созылған жұмыссыздық дәуірінің ішкі құлазуын, банк операторларының шектеусіз бірлігі мен үй қожайындары есепшотының…

