Автор: admin

Әлемде талай қызық бар демекші, шетсіз, шексіз қазақ даласы талай сыр бүккен таңғажайып тылсым құпияларға өте бай. Еліміздің шығысындағы Тарбағатай сілеміндегі Ақсуат өңірі атақты абыздар мен ақындар елі, дарабоз баһадүр Қабанбайдың Қубас атының тұяғы тиген, батырлар жортқан тарихи өлке ретінде кеңінен белгілі. Ерекше тылсым күш иесі, көріпкел, емші Ырғызбай әулие де осы аймақта өмір сүрген. Ырғызбай Досқанаұлы 1787 жылы Шығыс Қазақстан облысының Жарма ауданындағы Қарақия тауы баурайында өмірге келіп, 1850 жылы Тарбағатай ауданындағы Күмісті бастауында қайтыс болған. Есімі ұлы ақын Абайдың үшінші атасы, атақты би Ырғызбайдың құрметіне осы кісінің қасиеті дарысын деген ниетпен қойылса керек. Қазақ жөнімен ататек шежіресін…

Read More

Түркияла тұратын қазақтардын ұзақ-салқар көш тарихына назар ауларғанда бұл көштің қазақтың еркіндік жолындағы теңдессіз ерлігі екенін көреміз. Олар еркіндік үшін адам сенгісіз қандай да бір ауыр қиыншылықтарды бастан кешірген. 1930- жылдары Қытайға қарасты Шы ғыс Түркістан өлкесінде Гоминдаң үкіметінің губернаторы Шың-Ши-Сайдың  зомбылықтарына шыдай алмаған қазақтардың Елісхан Тәйжі мен Зайып Тәйжі сияқты көш көсемдерінің жетекшілігінде, баяғыдағы Бөке батыр сияқты, азаттықты туған тонырақтан тыс жерлерден іздеп шетке ауып кеткенін байқаймыз. Екі көш Түркия қазақтарының аталары өткен ғасырларда Шығыс Қазақстан мен Қытай қол астындағы Шығыс Түркістан аймағында өмір сүрген. 1864 жылы Қытай мен Ресей патшалығы шекараны белгілегенде, олар Шығыс Түркістан жақта қалып…

Read More

Жуанған (жотақажы) Мәйті ұлы (1820 ـــ 1904) молқы руынан. Ең алғаш молқыдан шыққан би жанторы (көгедәйді Бейжиңге апарушының бірі) өзі картейгенде билігін жуанғанға беруді өсиет етіпті деседі. Кейде жуанғанды бала күнінде қасына ертіп баулыпты деседі, не болса да, жуанған ержете жоталы, алымды, ақылгой, көреген болып ержетті де, бір молқы руы емес, он екі керейге сөзі өтті. Жуанған Өралтайдағы елдің мәдениет — экономикасының дамуына, басқа ұлттармен берекелесе тірлік етуіне айырықша еңбегі сіңген жоғары лауазымды би болған адам. 1875 — жылдары жуанған сырттан мырзабақа сияқты молдаларды әкеліп, өз ауылымен бірге көшіп жүретін медресе ашқан. Ақыт үлімжі ұлы сияқты балалар осы медреседен оқыған.…

Read More