1883 — жылы Шонжы қаласының өңтүстік шығысында құмыл сарты мен батысы үрімжі қытайы, шығыс Қобданың Моңғұлымен, терістігі Алтай қазағымен, осы төрт елдің ортасы болғандықтан, алыпсатар сәудәгерлер көбейіп, көлемі кеңейіп, сәудәгерлер арасында мәселелер туылып, жұрттың тыныштығы кете берген соң үрімжі кар генералына арыз беріп, генералдың бұйыруымен қытай, Моңғұл, сарт, Қазақ осы төрт ұлттан төрт шаңия сайланып, шонжы қаласындағы ушыққан сәудәгерлер арасындағы мәселелерді осылар арқылы басқарып, ыңғайлайтын болып шешеді. Сонда Қазақтан жырғалаңның баласы Бөке деген жігітті лайық көріп, оған халық қалың беріп тұратын болып, шаңия етеді. Бөке ел ішіндегі пысық жігіт еді. Бұрын Моңғұл тілін жақсы білетін, екі жылы шонжыда тұрғанда қытайша тілге де, заңға да жүйрік болды.
1910 — жылы Алтай елі алман — салыққа шыдамай боғда — еренқабырғаға ауып, мұндағы Қазақтар молыққан соң, «осы екі таудағы Қазақтың иесі сен боласың» деген үкімет және амбы етіп қойды.
Бөкенің бұл жақтағы атағы зорайған соң, Сәрсүмбенің қара қалмағының зорлығынан Алтай — сауырдағы Төрт би төренің зорлығынан қашқандар, бір бөлім орыс жерінен қашқан қаратай рулары болып, бәрі Бөкені паналайды.
Арада Тарбағатайдағы мәмірбек төреден қашқан найман сіргебәй деген кісі көп елмен көшіп келіп Бөкеге қосылады. Осыдан соң, Алтай — жайыр ұлықтары «елімізде алман алатын ел қалмады, бәрін Бөке алып кетті, сондықтан, үкімет Бөкені ұстап, елімізді қайтарса екен» деп үрімжі генерәлінә көптеген тарту — таралғы өтініп, арызданады. Генерәл: «Алтай, Тарбағатайдан адам келісн, мен әскер шығарып, Бөке қолындағы елін қайтарып берем» деген соң Алтайдан уәкіл барғанша Тарбағатайда ұлық болып жүрген демежән деген жас жігіт үрімжі генерәлінің шығарған жасағына ілесіп шонжыға келіпті. Генерәлдің уәкілі Бөкені шақырып алып: «демежәнмен бірге Тарбағатайға көшсең, бұл ханның бұйрығы» деп әмір етеді. Бұған Бөке: «хан менің Қобданың қазағы екенімді біледі, бұрыннан Қобда атында алман беріп келдік, енді Тарбағатай атында алман беріп, соған көш демейді» десе, генерәлдің уәкілі ашуланып: «сені шаңия, амбы сайлаған хан емес, мен болатынмын, соның үшін сен менің қолымнан келесің» деп Бөкені түрмелеп, елді демежәннің алдына салып Тарбағатайға айдапты.
Түрмеде жатқан Бөке жанына ілесіп барған баласынан еліне қағаз жазып: «өлтірсе бір мені өлтіреді, қалың елді қырмайды, егер көшсеңдер Тарбағатайға емес, шонжы жолымен Алтайға көшіңдер» деген екен. Ел бұны естіп демежәннің айдауына көнбей, санжы қоржасына келген қалың ел жалт беріп ұты көліне қарай бұрылғанда демежәннің шерігі алқадай қажы мен шақабай шөмшекбей деген кісіні атып өлтіреді. Сол кезде ел ара керіс ушығып кетеді, бұл кезде үрімжі шерігі өз алдына бөлініп кетіп қалған кез еді. Бөкенің адамдары демежәннің шерігімен соғысып, демежәннің тоғыз шерігін өлтіріп, құтыбиден өткізіп қуып салады. Демежән қайта еліне барғандаа өлген тоғыз адам түгел найман руынан екен де, мұндағы найман ұлықтары жағалбай, таңатар, мәмбет, мәтен амбыға демежәнді арызға беріп, ақыры демежән сотты болып, абақтыға жабылып, арада кісенін турап тастап қашып шығам деп қайта ұсталып, ақыры дарға асылып өлтіріледі. Осыдан кейін өлген тоғыз шеріктің құнын найман қузамайды.
Қазан айы болғанда үкіметке мол пара беріп, Бөкені үрімжі жамбылынан шығарып алған ел, қыс ортасында Бөке Бейжиңдегі ежен ханға барамын деп он екі адам жолдас ертіп, жолға шығып, өңтүстікте және тибет, ауғаныстан, үндістән жақтың жолын көріп, жер шалып бір жыл жүріп қайтып келеді. Бөке қайта оралған соң, «жер көріп келдім, елі көп, жері кең мұсылманның жері екен, осы жерден құтылайық» деп өзіне қарасты елге нәсихәт айтады. Бөкеге ерген ел боғданың күн бетіне келіп жайлағанда одан ары ілесуге көңіл соқпағандар боғданың теріскейін жайлап отырып, күз болғанда төрт жүз шерік алып құмылға қараған сұпты деген өзеннің басын айналып, үрімжінің шетімен ақсуға қараған чақылық деген жерге жеткенде үрімжі қаршарыден шыққан бес жүз шерікпен соғыс салып, әскердің төрт жүзын қырып тастап құтылғанымен, көп азаматтар оққа ұшып, соның бірі Бөкенің інісі шөке де осы атыста оққа ұшады. Генерәл барлық елге хабарлап, әмбал деген жоғары шені бар қытайға «Бөкенің ұстап алып келсең, үлкен шен беремін» деп амбал батырды мың кісімен шығарады.
Бөке тибет жеріне барып, шеті тереңкөл, ортасы құм арал (құмкол) деген жерге бекінеді. Малдары тұралап, арықтаған соң, аз уақыт тыншып жатқан кезінде қуғыншы қуып жетіп, «құралыңды тапсырып, бағын, болмаса тұрыстығыңды көрсет» деп елші салады. Сонда Бөке: «құрал тапсырып, бағынайын, ел азып — тозды, дәл осы қыста көшерлік күйіміз қалмады, сенбесең елді аралап көр және мына менен басқа елде жазық жоқ, елді азғырып көшірген мен, ханның тұзағының ұзынынан құтыла алмадым, өлтірсе мені ғана өлтірсін, күнәмді мойныма аламын, құралымызды тапсырайық» деп сәлем айтады. Сөйтіп, амбал туанжаңға құрал тапсырғанда, соғыста түскен жаман шолақ мылтық, Қазақтардың шиті мылтықтарын тапсырып беріп, көл жағасына отыздай үй тігіп, мал сойып қонақасы шақырған соң, қытай шеріктері «жеңіс быздікі болды» деп хауыпсыз судан өтіп алған кезде оларды қоршаған Бөке адамдары суға қамап қойып атқылағанда мың шеріктен үш жүз шерік әрең қашып құтылған екен.
Бөке елі көптеген ат — көлік, азық, құрал түсіріп алып және алға ілгерілеп көшіп, тибеттің ішін аралап барып, қыстаулыққа жер сұраса, өздерінен тибеттіктер қорқып, «ұрымжыдан бері қытайды қынадай қырып келе жатқан Бөке батыр» деп жер — су, азық — түлік сыйлық беріп отырыпты. Осы қыста оразаның 22 — күні Бөке науқастанып, құдай ажалынан қайтыс болып, тибет жеріне қойылды.
«Осыдан ары он екі көшкенде Бөкенің өз кезінде барып шалып келген жеріне жетеміз, алға жылжып көшейік» деп отырғанда жер — жерден қытай шеріктері шығып, тибеттен адам қосылып, Бөке ауылын басып алады, Бөкенің қабырын ашып, басын кесіп алып, қалған елді айдап, жолшыбай аздырып — тоздырып үрімжіге әкеледі. Үрімжіге келген Бөкенің басын жамбылдың бір бұрышына бір жұма іліп қояды, сөйтіп, халықты әрқайсы жердегі ел ағалары бөліп алып кету бұйрығын шығарады.
Ел үрімжіден Алтайға көшерде Бөкенің үлкен баласы Еребәй әкесінің басын сұрап алып, сандыққа салып, шіңгілдегі ұлы әкесі қалдыбайдың бейітіне әкеліп қояды.
1982 — жыл, ілиәс молда, 71 жаста
Байахмет Жұмабайұлы
kerey.kz


