Арқалық бөрібәй ұлы (1834 ـــ 1888 — жылдар аралығында ғұмыр кешкен) сауырдың таңбалы деген жерінде дүниеге келген. 7 жастарында бұзау, тайынша көтеріп аты шығып, 15 жастарында күшті, қамшыгер, жүректілігімен атқа мініп, барымта — сырымталарда болып ерлігімен елін асыраған. Арқалықтың батыр да пысықтығына тәнті болған ажы төре оны 1850 — жылдары неше дүркін сырт Моңғұлдан мал қууға жібереді. Барса құр қайтпайтын батыр, кейінгі кездерде молынан мал қуып әкелгендіктен, оның арқалық екендігі досының өзінің атын дауыстап шақырғанынан Моңғұлдар жағына білініп қалып, ақыры Моңғұл төрелері жағынан қудау түскенде, амалсыз қалған ажы 1852 — жылдары шамасында арқалықты Моңғұлдарға ұстап береді. Арқалық онда бес жыл…
Автор: admin
Адамзат тарихындағы ең қанішер залымдардың біріне арналған бұл журналдың шығуын мүлдем орынсыз және өрескел жайт деп санаймыз. Бұл миллиондаған адамдардың, әсіресе фашизмге қарсы қайсарлықпен күрескен, отанымызды жан түршіктірген гитлерлік машинадан қорғаған Ұлы отан соғысы ардагерлерінің және соғыс алаңында қаза тапқан жауынгерлердің сезімдері мен жадын жәбірлеушілік деп білеміз. Қазіргі таңда Қазақстанның құзыретті органдары аталған журналдың мазмұнына қатысты Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңнамаларына қарама-қайшылығы тұрғысынан заңды баға берумен айналысуда, соның нәтижелері бойынша қорытындылар шығарылып, тиісті шаралар қолданылатын болады. Аталмыш басылымның шығуына байланысты Ресей Федерациясының Қазақстан Республикасындағы Елшілігінен нота келіп түсті, оған жауап дипломатиялық арналар арқылы жолданатын болады. ҚР СІМ
Суретте: Зулхаир Мансуров Әрине, мен ақын да әдебиетші де емеспін. Сондықтан да Абай шығармашылығының өнерлі қырына, ақындық болмысына тереңдеп бара алмаймын. Мен – ғалыммын, руханияттық танымнан шеттеу, жаратылыстану ғылымының өкілімін. Менің ғылымдағы пір тұтарым Қаныш Имантайұлы Сәтбаев. Жастық кезде сол кісідей геологиямен айналысуды армандаған сәттер болған. Бірақ өмір басқаша шешімін тапты. Оған еш өкінбеймін. Сондықтан да жаратылыстанушы болсам да ұлы Абайдағы ғылым мен танымға көз салуды мақсат тұттым. Мәселен, менің мамандығым химик, «Жану мәселелері ғылыми-зерттеу институтының» директорымын. Бірде осы жану мәселесіне қатысты Абайда не бар екен деген пенделік оймен «Қара сөздерінен» іздестіре бастадым. Сонда іздегенім қиналмай-ақ табылғанда, Абай даналығына таң…

