Автор: admin

Британика (Britanika)әлемдік деңгейдегі энциклопедияның 368-бетінде  «Дамбийжанцан немесе Дамбийжаа нақты есімі–Амар. Оны Моңғолдың батыс шекарасының ұлт-азаттық қозғалыстарының көсемдерінің бірі әрі Моңғолдан бөлініп тәуелсіз тұруды мақсат тұтқан тұлға» ретінде көрсетеді. 1850-1864 ж.ж Қытайда әйгілі Тайпин көтерілісі басталды да 1898-1901 жылы Ихтуан көтерілісімен ұласты. ХІХ ғ. соңында Моңғол халқы азаттық үшін күреске шыға бастады. Бұл – Ішкі Моңғолияда өрбіген қозғалыстардың бастау көзі болды. Яғни  1852 жылғы Сүйюань өлкесі немесе Ордостардың мекені – Үүшиндегі ірі көтеріліс Манж билігіне қарсы сыпатта көрініс еді. 1890 жылы Ховда шекарасында болған көтеріліске Дамбийжанцан қатысты делінеді. Дәл осы кезден бастап Дамбийжанцан сол көтерілістердің бел ортасында жүрді. Оның  ұраны —…

Read More

Тұрсынбек Кәкішев – ғалым, сыншы, әдебиетші. Филология ғылымдарының докторы, профессор. Қазақстан Республикасына еңбек сіңірген ғылым қайраткері. Сәкентанушы, Сәбиттанушы. Бір ғана Сәкен Сейфуллинге қатысты ондаған кітап жазған. ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басындағы қазақ зиялыларының бір-бірімен қарым-қатынасы, олардың арасындағы келіспеушіліктер мен кикілжіңдер, олардың себептері туралы да айтары аз емес. Одан бөлек, бүгінгі күні ғылыми айналыстан мүлдем шығып қалған бір топ қалам иелерінің өмірі мен өнерін зерттегені тағы бар. Біз Тұрсынбек ағаны сұхбатқа шақырған едік. Сұхбатымыздың аудио нұсқасын қоса ұсынып отырмыз. – «Көркем әдебиетті тек ұлы ақын-жазушылар ғана жасамайды. Оның ұлылы-кішілі, ірілі-уақты өкілдері болады. Алайда, қазақ совет әдебиеті тарихында әзірге…

Read More

«Адольф Гитлердің өмірбаяны мен қызметін жаздың» деп жазғырып, мәселенің байыбына бармай тұрып байбалам салған, бізді Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат агенттігіне айдап салып, сыртымыздан үкім шығартуға дейін алып барған ДАУДЫҢ басында тұрған кім деңізші? Ресей журналистері! Нақтырақ айтсақ, ресейлік REGNUM «Новости» ақпараттық агентігінің аты белгісіз авторы. Олар біріншіден, «бұл журнал Гитлердің 125 жылдығының құрметіне басылды» дейді. Журналда оның 125-ке толғаны туралы бір ауыз сөз жоқ, ол, тіпті, біздің ойымызға да келмепті. Бұл – бір. Екіншіден, «фашистік идеологияны ақтауға арналған» дейді. Ал, біз болсақ, журналдың алғы сөзінде бас редакторымыз Жарылқап Қалыбайдың «Біз не үшін Адольф Гитлерді жазып отырмыз?» деген мақаласында бұл…

Read More