Арқалық бөрібәй ұлы (1834 ـــ 1888 — жылдар аралығында ғұмыр кешкен) сауырдың таңбалы деген жерінде дүниеге келген. 7 жастарында бұзау, тайынша көтеріп аты шығып, 15 жастарында күшті, қамшыгер, жүректілігімен атқа мініп, барымта — сырымталарда болып ерлігімен елін асыраған.
Арқалықтың батыр да пысықтығына тәнті болған ажы төре оны 1850 — жылдары неше дүркін сырт Моңғұлдан мал қууға жібереді. Барса құр қайтпайтын батыр, кейінгі кездерде молынан мал қуып әкелгендіктен, оның арқалық екендігі досының өзінің атын дауыстап шақырғанынан Моңғұлдар жағына білініп қалып, ақыры Моңғұл төрелері жағынан қудау түскенде, амалсыз қалған ажы 1852 — жылдары шамасында арқалықты Моңғұлдарға ұстап береді. Арқалық онда бес жыл бойы зынданда жатып, 1857 — жылы қашып құтылады да, тауда жасырынып жатқан бадынжап деген Моңғұл батырымен ағайындасып, өзін жұмсап алып, обалды етіп ұстап берген ажыны құрдымға жібермекші болғанда, керейдің игі жақсылары «керей төресін төбелеп өлтіріп жатыр деген өсекте қаламыз, кешір» дегендіктен, арқалық кешеді, алайда, ажының малын қуып, неше рет ордасының белдеуін қиып, ақыры ажының ұлының құйрығына таңба басып, төре тұқымына дақ келтіргеніне шамданған ажы жоғары — томен ұлықтарға арыздана жүріп, арқалықты қуғындатып, ебін тауып құрдымға жіберу қаразын ойлайды. Арқалық бой тасалап тіршілік ете жүріп, 1888 — жылы қабаның «бөзтерек» деген жеріндегі әпекесінің үйінде жатып, іш аурудан қаза болады.
Арқалықтың қаза болғанын білдіртпеу үшін, әпеке — жездесі үй тігілген ошақ басынан қабыр қазып, адамды жерлеп, жұрт өтіп қалдырып кетеді де, сауырдың «қарабалшық» және «тұманды» деген жерлеріне өтірік қабыр тұрғызып, «арқалық өлді» деп хабар таратады.
Арқалықтың жалпы өмірі жайында отарбай жыраудың шығармаларынан толық дәлелдер табуға болады.
Баяхымет Жұмабайұлы
kerey.kz


