
Көгедәй Әбілпейіз ұлы 1766 — 1820 — жылдар жасаған) 1775 — жылы керей елі шыңғыс тауы өңірінен екі бауыры жабағы, сәменмен қосып, өздеріне төрелікке әкеледі. Көгедәйдің шешесі тұмар ханым қырғыз қызы екен, әбілпейіз Қазақ — қырғыздың бітіміне барғанда, ел ара бітімге алған әйелі деседі. Сол кезде әбілпейіз түс көріп, түсінде бір ай келіп, қойнына енген екен, ұзамай тұмар ханым босанып, сол түсіне бола «аспандағы айым болсын» деп дүниеге келген баласына көгедәй деп ат қойған екен.
Керей елі хандыққа баласын сұрап барғанда әбілпейіз осы түсін айтып, «болайын деп тұрған балам еді, хан екі сөйлемес, алыңыздар» деп тұмар ханыммен қосып берген екен. Сол көгедәй керей еліне келіп төре болып, 1790 — жылы (чиянлұңның 5 — жылы) Бейжиңге барып чиянлұң ханымен кездесіп, гүң мәнсәбін әкеліп, керейдің билік жүйесін оңшаған. 1820 — жылдары (кейде 1824 — жылы дейді) наймандар жағынан сойылға жазым болып, көз жұмған. 39 жыл ел биледі, сүйегі қазіргі Қазақстанның зайсан ауданының көгедәй ауылында.
Жанторы, байқан, шұбаш, ханкелді, барлыбай, маман, шегетәй, таусары ــــ бұлар түгелдей сол кезде керейдің әр руының ел бастаған билері болған. Бұлар керейдің Алтай өңіріне келуінен бастап, келелі, ірі істердің барлығына араласқан, шешен, батыр, ел бастаған көсемдер болды, әсіресе, елді қаба жеріне бастап келгенде Моңғұлдарға ылғи кері түсті ат тауып беріп «қабаның ақши», «аққаба», «алқабек» тағы басқа жерлерге ие болыпты. Аңызда ақшиды төрт керей ат беріп кіші төреден алғанда үлкен төре ашуланып, кіші төренің лауазымын алып тастаған деседі. Олардың осындай пысық та алымдылығына қараған Жәнібек батыр көгедәйді хан көтеріп чиянлұң ханына апарып келуге аттандырған ең сенімді адамдарына айналған.
Баяхымет Жұмабайұлы
kerey.kz


