Украина билігінің ресейшіл сепаратистерге қаруын тастап, басып алған үкімет ғимараттарын босату туралы ультиматум мерзімі аяқталған соң Донецк облысында арнайы операция режимі енгізілді. Донецк облысының губернаторы Сергей Тарута арнайы операцияның мақсаты — облыста бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтау екенін айтып, тұрғындарды арандатуға бой ұрмауға шақырды. Қазір Донецкіде облыстық әккімшілік пен мемлекеттік қауіпсіздік қызметінің бөлімшесін ресейшіл сепаратистер бақылауында ұстап отыр. Сепаратистер Донецк облысындағы бірнеше қалада әкімшілік ғимараттарын басып алған. Славянск қаласында жағдай бұрынғыдай шиеленіскен күйі қалып отыр. Мұнда қарулы адамдар милиция бөлімшесін басып алған. 13 сәуірде қақтығыстардан төрт адам қаза тапқан еді. Славянск, Мариуполь, Дружковка, Краматорск, Макеевка, Енакиево және Харцызск қалалық кеңестерінің кейбірі…
Автор: admin
Ежелден жер жәннәті Жетісу атанып кеткен Алматы облысы шынында табиғатының әсемдігімен, көз тартар көрікті жерлерімен ерекшелінеді. Кешегі өткен бабаларымыз ат үстінде ұйықтамай қорғаған, осыншама асты да үсті де байлыққа толы әсем табиғатымыз қаншама ақындардың өлеңдеріне арқау болды десеңізші. Асқар шыңды таулары, айдын шалқар көлдері, жасыл желек орманы, сайын даласы бәрі де еліміздің мақтанышы мен мәртебесі. Осыншама суреттеуге сөз жетпейтін табиғи жауһарларымызға өзгелер қызғана да қызығып та қарайтыны рас. Қәзіргі жаһандану заманында өзіміз көріп-біліп жүргендей әлемнің қай түкпірін алып қарасаңыз да экологиялық проблемалар жетерлік. Әсіресе көптеген табиғи жерлердің бүлінуі, аң-құстардың азаюы, өзен көлдердің тартылуы әркімді болсада бейжай қалдырмайтыны сөзсіз. Осынау…
Нью-Йоркте БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі Ресейдің ұсынысымен Украинадағы шиеленісті жағдайды талқылау үшін төтенше жиын өткізді. Ресей төтенше жиынды Украина президентінің міндетін атқарушы Александр Турчинов 13 сәуірде ресейшіл сепаратистерге 14 сәуір күні таңғы сағат 9-ға (Киев уақытымен) дейін елдің шығысындағы бірнеше қалада басып алған милиция бөлімдері мен үкімет ғимараттарын босатып, қаруларын тапсыру туралы ультиматум қойған соң шақырған. Турчинов егер қаруларын тастамаса сепаратистерге қарсы армияның қатысуымен «ауқымды антитеррорлық операция басталатынын» ескерткен. Ресейдің БҰҰ-дағы өкілі Виталий Чуркин Қауіпсіздік кеңесінің төтенше жиынында Турчиновтың бұл талабына алаңдаушылық білдіріп, «Киев Украинаның шығысында күш қолдануды тоқтатып, шынайы диалог бастауы тиіс» деді. АҚШ-тың БҰҰ-дағы өкілі Саманта Пауэрс Украинадағы шиеленісті…

