Автор: admin

Кәсіпқой боксқа ауысқанына көп уақыт өтпесе де Қанат Ислам WBA (Бүкіләлемдік бокс ассоциациясы) белбеуі үшін жұдырықтасуға дайын екенін мәлімдеді. «Кәсіпқой боксқа ауысқалы 16 жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жеттім. Өткен жылы Кариб аймағының ең үздік боксшысы атандым. Биыл Латын Америкасы елдері арасындағы WBА белбеуін жеңіп алдым. Мұнымен тоқтап қалмасым анық. Мен енді бүкіл әлем бойынша WBA нұсқасының чемпионы атануды көздеп отырмын. Ол үшін бар күш-жігерімді саламын» деді Қанат «Литер» газетіне берген сұхбатында. Оның айтуынша, аталған межеге ағымдағы жылдың соңында-ақ жетуге мүмкіндік бар. Келесі кездесуін ол 26 сәуір күні Доминикан Республикасында өткізеді. Бұл жекпе-жекті жеңген жағдайда Қанат WBA рейтингінің 8-ші сатысына көтерілмек…

Read More

Фото baq.kz сайтынан «Қазақстанның көші-қон органдары елге келгісі келетін оралмандарға қатысты жасалатын кедергілер жойылуы керек», — деді бүгін Мәжілістің отырысында депутат Жамбыл Ахметбеков. Сондай-ақ, Ішкі істер министріне жолдаған сауалында депутат Қазақстанға оқуға келген шетелдік қазақ жастарына азаматтық алудың жеңілдетілген тәртібін қалпына келтіру мәселесін көтерді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Сөз арасында 2012 жылдан бастап Қазақстанға келетін оралмандарға берілетін квота Үкіметтің ерекше шешіміне дейін тоқтатылғанын айтқан депутат, 2008 жылдан квота тоқтатылғанға дейін оралмандарға 40 млрд. теңгеге жуық қаржы бөлініп келгенін жеткізді. Бұл өз кезегінде қандастарымыздың Атажұртқа орнығып кетуі үшін үлкен қолдау болған. «Алайда, квота тоқтатылғанымен шетелдегі қазақ қандастарымыз өз Ата жұртына бұрған көшін әлі…

Read More

АСТАНА. ҚазАқпарат — Соңғы кезде Еуразиялық экономикалық одақты құру туралы келісімшарттың қол қою мерзімі жақындаған сайын жұртшылық тарапынан түрлі сауалдар туындай бастағаны анық. Биылғы мамырда Астанада Қазақстан, Ресей және Беларусь елдерiнiң басшылары ЕЭО құру туралы шартқа қол қояды деп жоспарлануда. Осы орайда бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында бірқатар Үкімет мүшелері тілшілер қауымының көкейінде жүрген сауалдарға жауап берді.Сөзінің кіріспесін Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев бірден Еуразиялық экономикалық одақ Қазақстан тәуелсiздiгiне қауiп төндiрмейдi деген мәлімдемеден бастады. Яғни ол бұл тұрғыда ЕЭО саяси одақ емес екенін қадап айтты.  «Соңғы кездерi БАҚ-та, соның iшiнде электронды құралдарда көптеген талқылау жүрiп…

Read More