Жаңа Қылмыстық кодекс жобасы бойынша Қазақстанның аумақтық тұтастығын заңсыз өзгертуге шақыру әрекеті үшін 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылады деп хабарлайды Tengrinews.kz. «Қылмыстық кодекс жобасына сепаратистік әрекет үшін қылмыстық жауапкершілік қарастыратын жаңа бап енгізіледі. Қазақстан Республикасының аумақтық тұтастығын заңсыз, конституциялық емес өзгертуге шақыру қылмыстық жолмен жазаланатын әрекет, дезинтеграция болып саналады», — деді ҚР Бас прокуратурасы департаменті басқармасының бастығы Арман Аяғанова. «Бап ауыр қылмысқа жатады және оның бірінші бөлімі бойынша ең жоғарғы жаза — жеті жылға дейін бас бостандығынан айыру қарастырылады. Егер бұл әрекетті тұлға қызмет бабын пайдаланып жасайтын болса, онда оған 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы берілуі…
Автор: admin
Қазiргi күнi республикамыз дағдарысты кезеңдi бастан өткерiп, қоғам өркениеттi даму жолына түсiп келе жатқан жағдайда тарих ғылымы дел-сал күй-ден қайта жанданып, өрлеу үстiнде. Осындай ғылыми жаңғыру республикалық “Алаш” тарихи-зерттеу орталығының жұмысынан да байқалады. Орталық “Қазақ ру-тайпаларының тарихы” ғылыми-зерттеу жобасының негiзiнде айтарлықтай iзденiстер жүргiзiп, қомақты нәтижелерге қол жеткiзуде. Орталық ғалымдары мен қызметкерлерi Орта жүздiң Керей тайпасының тарихын толығымен зерттеп, бiрнеше том еңбектер даярлап шығарды. тиражы 1000 дана.
Қақаған қыс қаһарынан қайтып, күн күрт жылынды. Әншейінде қуанушы едік. Ал бұл жолғы көктем қуантпады. Көкпекті елді мекеніндегі қайғылы қасіретті естіп білдік. Білдік те табиғаттың күрт өзгеруінен, жылымық ауа райының салдарынан деп жорамалдай салдық. Иә су тасқыны табиғи апат. Дей тұрғанмен «Табиғи апат» деп қол қусырып отырғанымыз қалай болды? «Апат айтып келмейді» деп өзімізді жұбата аламыз ба? Өйткені мұның алдында еріген қар мен күннің күрт жылынуын төтенше жағдайлар департаменті байқады. Әсіресе, наурыз айының соңғы күндері қала орталығына жақын Нұра, Көкпекті, Шилі өзендері аумағынан асып, сол жерлердегі елді мекендер жолдарын су шайды. Қайғылы қасірет орнаған Көкпектінің бел ортасынан ағып жатқан өзеннің…

