Нарва қаласы тұрғындарының 88 пайызын құрайтын орыстардың кейбірі тіл мәселесіне байланысты қиналса да, Еуропа Одағы құрамындағы Эстонияның артықшылығы көп екенін айтады. 56 жастағы этникалық орыс, Эстонияның қорғаныс күшінің құрамына кіретін «Кайтселийт» қорғаныс лигасының еріктісі Александр Павлов (оң жақта) «Эстонияның патриотымын» дейді. Александр Брокк өзін «Эстонияның патриотымын» деп атайды. Бірнеше ата-бабасынан бері осы елде тұрып жатқан Брокк – технопаркі бар ауқатты адам. Ол – Эстонияның шығысындағы Нарва қаласы тұрғындарының көп бөлігін құрайтын этникалық орыстардың бірі. Брокк тілі мен ұлттық мұрасын мақтан етсе де, өзеннің ар жағындағы жартылай қирап қалған Ресейдің қамал қаласы Ивангородқа қарап, шекараның қай жағында өмір сүргісі келерін біледі.…
Автор: admin
Президент Нұрсұлтан Назарбаев жаңа Мәдениет министрі Арыстанбек Мұхамедиұлына Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығымен жұмысты жандандыруды тапсырды деп хабарлайды KEREY.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Мемлекет басшысы ведомство жұмысының басым бағыттарын белгілер берді. Кездесу барысында Ұлттық мұражайды ашу мәселелері, ЕХРО-2017 халықаралық көрмесіне дайындықтың мәдени аспектілері, сондай-ақ министрліктің қызметінің басты бағыттары талқыланды. Мемлекет басшысы Республикада 8 мың жергілікті және 39 республикалық мәдениет мекемесі жұмыс істейтінін, олардың рөлі күннен-күнге ұлғайып келе жатқанын атап өтті. – Соңғы 10 жылда театрға келушілер саны – 50 пайызға, музейге келушілер –25 пайызға, кітапханаға келушілер – 40 пайызға, концерт залдарына келушілер – 100 пайызға, кинотеатрға келушілер саны 400 пайызға…
Қырғыз республикасының астанасы — Бішкекте Қырғыз-түрік халықаралық Манас университетінің ұйымдастыруымен «Түркі халықтарының мемлекет басқару дәстүрі» халықаралық ғылыми конгресі өтуде, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі академияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Айырқалпақты бауырлар биыл «Қырғыз мемлекеттілігін нығайту жылы» деп жариялаған болатын. Соның аясында өткен тарихқа жүгініп, ғалымдардың уәждерін тыңдауды жөн көріпті. Қазақстан атынан аталған шараға қатысқан Түркі академиясының Президенті Дархан Қыдырәлі халықаралық жиынның ашылу салтанатында арнайы сөз сөйледі. Мыңдаған жылдық тарихи бар түркілер өз дәуірлерінде бірқатар алып империялар мен далалық мемлекеттер құрып, табысты басқарғанына тоқталған ол Жүсіп Баласағұнның мемлекет басқару туралы жазған «Құтты білік» шығармасына сілтеме жасай отырып, «тарихи тамырларымызға терең үңілуіміз қажет»,-…

