Парламент Мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматулиннің жетекшілігімен өткен палатаның жалпы отырысында «Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы стратегиялық әріптестік туралы шартты ратификациялау туралы» заң жобасы мақұлданды деп хабарлайды «ҚазАқпарат». Шарт талаптарына сәйкес, Қазақстан мен Өзбекстан өздерінің қарым-қатынастарын теңдік, өзара сенім, стратегиялық әріптестік негізінде қалыптастыратын болады. Құжатқа сәйкес, екі мемлекеттің немесе біреуінің қауіпсіздігіне қатер төнген жағдайда қос тарап ол мәселені кеңесіп, ортақ шешімге келетін болады. Соған сәйкес Қазақстан мен Өзбекстан өзара әскери және әскери-техникалық салаларда, азаматтық қорғаныс саласында ынтымақтасады. Бұл деген сөз біздің елімізге қандай да бір қатер төнген жағдайда Өзбек бауырларымыз қарап тұрмайды деген сөз. Керісінше Өзбек жұртына көз алартқандар…
Автор: admin
ҚазАқпарат — Роспотребнадзор Омбыдағы «Сыры» зауыты өнімдерінің нарықтағы айналымын тоқтата тұру туралы шешім шығарды. Бұндай шешім зауыт қызметкерлері сүт толтырылған ваннада шомылған фотосуреттерін әлеуметтік желілерге салғаннан кейін қабылданды.Аталған кәсіпорынның өнімдері Ресейдің бірнеше өңірлерінде сатылымнан қайтарылып жатыр. Наурыздың аяғында ғаламторда зауыттың бірнеше қызметкерінің өз әріптестерінің туған күнін тойлау кезінде сүтке шомылып жатқан фотосуреттері пайда болған еді. Осыдан кейін Роспотребнадзор кәсіпорында санитарлық заңнаманы өрескел бұзушылық жайттары туралы мәлімдеді. Ведомство сонымен қатар өңірлік Тергеу комитетінде зауыт қызметкерлеріне қатысты қылмыстық іс қозғау туралы мәселені көтерді, деп жазады ВВС. Осы елдің Бас прокуратурасы да зауыттың лауазымды тұлғаларының іс-қимылын тексеруге ниетті екенін мәлімдеді. Ал кәсіпорын иесі…
– Қазақстан соңғы уақытта популистік бастамаларды жиі көтеріп кеткен сияқты. Ол жобалардың тым тез жоғалып кетіп жатқанын да көріп жүрміз. Сіз менің пікіріме қосыласыз ба? – Жалпы, сіздің пікіріңізге қосыламын. Популизм жоқ емес, бар, оны мойындау керек. Өкінішке орай, қағаз беттерінде қалып отырған жобалар баршылық. «Үдемелі даму» сияқты көптеген жобалардан тіпті шатасатын болдық. Шын мәнінде, билікке келген министр, әкім болсын орынтағынан тез ауысады. Белгілі бір жобаны аяғына дейін жеткізу үшін тағайындалған шенеунік көп жағдайларда қызметінде аяғына дейін отырмайды. Олар үнемі ауысып отырады. Сондықтан да бұл жоба аяқталмаған кезде, оған жауапты тұлғаны таппай қаламыз. Менің ойымша, бұл жерде де бір сыр…

