Омиртай Лахан facebook парақшасынан алынды Оралхан Бөкей деген жазушының есім — сойымен таныс болған кезде 8 сыныпта оқитын едім. Ұмытпасам 1980 жылы Жұлдыз журналына «Өз отыңды өшірме» романы жарияланды. Мен, мен ғана емес, менің замандастарымның барлығы оқыды, бәріміз тамсандық. Журналдағы суретін көріп тіпті таңғалдым, менің балалық ойымша мұндай ғажап шығарманы жасы келген, үлкен жазушылар жазатын сияқты, ал романның авторы шашы желкесіне түскен, жап-жас! Бұдан кейін де талай кітаптарын оқыдым, кітап оқығыш достарыммен талай рет өзімізше «алған әсерді үздіге ортаға салдық». “Мұзтауды” оқығаным әлі есімде: Ақтанның әкесінің мүрдесі жатқан мұз шұңқырға түскен жерін оқығанда үрейім ұшып кетіп еді. Көпке дейін ойымнан…
Автор: admin
— Мен «Қазақ тілі» қоғамының басшыларының бірі ретінде жыл сайын бірінші қыркүйек қарсаңында «Қазақ мектептері жабылсын!» деген ұран тастап келемін. Ешбір елде, мәселен, Ресейде «русская школа», Өзбекстанда «узбек мактаби» дегендер жоқ. Болмаса, Сіз Парижде «француз мектебін», Лонданда «ағылшын мектебін» кездестіресіз бе?.. Сондықтан бізде де бір-ақ «мектеп» болу керек, ол мемлекеттік тілде оқытатын мектеп болу керек. Қалғаны іретіне қарай (ақылы, жексенбілік, факультетивті, т.б.) бола жатар… Содан қазір Алматы-Астанда саңырауқұлақша қаптай бастаған ақылы, элиталы мектептер мәселесіне назар аудару қажет-ақ. Өйткені жоғарғы билік пен бизнестегі тасы өрге өрмелеп тұрған орысқолдылардың немере-шөберелері осы мектептерді бітіріп, күні ертең басымызға әңгіртаяқ орнатпауын ойлалық… *** Мәселен, бірнеше…
Тиісті жарлық Ақорда сайтында жарияланды. Оған сәйкес, вице-президенттің өкілетіне өзге міндеттермен қатар “мемлекеттің ішкі және сыртқы саясаты саласындағы стратегиялық сипаттағы бастамаларды әзірлеп, президентке ұсыну”, “мемлекеттік органдармен, сонымен бірге саяси партиялармен, қоғамдық бірлестіктермен және халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау кезінде президент атынан өкілдік ету” кіреді. Өз кезегінде вице-президент: өз өкілеті аясында өкім шығара алады; өз құзыретіне жататын мәселелер бойынша орталық және жергілікті атқарушы органдарға тапсырма бере алады; мемлекеттік органдардан және лауазымды адамдардан қажетті ақпаратты, құжаттарды және басқа да материалдарды сұрата алады. 31 тамызда Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ерлан Қаринді Қазақстанның вице-президенті лауазымына тағайындады. Қазақстанда биыл шілде айында күшіне енген жаңа Конституция…

