Үстіміздегі жылдың 17-сәуірінде Түркістан қаласында Қожа Ахмет Яссауи атындағы кешенді мешіттің салтанатты ашылуы болады. Құлшылық ордасы түгелдей Түрік елінің Дін істері министрлігінің қаржылай қолдауымен салынған. Құрылыс жұмыстары 2009-жылдың 16-қазан күні басталған болатын. Құрылыс жұмыстарына жалпы мөлшері 10 млн АҚШ доллары жұмсалған. Мешітте бір уақытта 3 000-ға жуық адам құлшылық жасай алады. Қос ел арасындағы бауырластықты нығайтып, екі ел мәдениетін біріктіре өрілген мешіт қабырғаларынан қазақ елінің дәстүрлі сәулет өнері айқын көрінген. Мешіт қасында кітапхана және заманауи асхана залдары қарастырылған. Сондай-ақ, азаншылар мен имамдарға арналған бөлмелер, дәрісханалар да бар. Айта кетейік, 17-сәуір күні Халықаралық Қазақ-Түрік университетінің оқу ордасы аумағында жаңа мешіттің іргетасы құйылады.…
Автор: admin
Жәнібек ҒАЛЫМ Ғабит МҮСРЕПОВ, жазушы, Социалистік Еңбек Ері. Мен бұл кітап-альбомды басылмай тұрғанда мұқият қарап шықтым… Ұстаған бағытымыз түзу болғанымен, барды бағалай алмай, үзіп-жұлқып жүріп, қазақтың ардақты ұлы, қоғамдық ғылымдар саласының бәрінде өшпес із қалдырған Шоқанның толық бейнесін әзірге бүкіл бітім-болмысымен жарқыратып жасай алмасақ керек. Шоқанның ұлылығы соншама, біз оны енді ғана толық түсіне бастағандаймыз. Мынау альбом соны айтады. Шоқанның өмір жолы – елдің тағдыры, халықтың тағдыры. Шоқанның ойы, еңбегі, арман-тілегі еліміздің тарихымен, оның ішінде кешегі, бүгінгі, ертеңгі мәдени өмірмен, өнер өрімдерімен тікелей сабақтасып жатыр. Мысалы, Орта Азия халықтары бағы заманда іргелі де аумақты цивилизацияны тудырған елдердің бірі болғандығын алғаш таныған,…
Түркия Президенті Ердоған Астанада Жоғары деңгейдегі стратегиялық ынтымақтастық кеңесі жиналысына қатысады. Сапары жайлы Эсенбоға әуежайында мәлімет берген Ердоған Қазақстанның Түркия үшін тек қана дос және бауырлас бір ел емес, сондай-ақ стратегиялық бір ортақ екенін атап көрсетті. Қазақстан Республикасы президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2009 жылғы Түркия сапары кезінде маңызды бір қадам басып, стратегиялық ортақтық келісіміне қол қойғанын еске салған Ердоған 2012 жылы екі ел арасында құрылған Жоғары деңгейдегі стратегиялық ынтымақтастық кеңесінің алғашқы жиналысының да Түркияда жүзеге асқанын атап айтты. Ердоған сапары барысында Түркия-Қазақстан Жоғары деңгейдегі стратегиялық ынтымақтастық кеңесінің екінші жиналысының да өткізілетінін білдірді. Қожа Ахмет Ясауидің Түркістандағы қабіріне баратындарын атап көрсеткен президент Ердоған Қожа Ахмет Ясауи Университеті тарапынан берілетін құрметті…

