Түркия Президенті Ердоған Астанада Жоғары деңгейдегі стратегиялық ынтымақтастық кеңесі жиналысына қатысады.
Қазақстан Республикасы президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2009 жылғы Түркия сапары кезінде маңызды бір қадам басып, стратегиялық ортақтық келісіміне қол қойғанын еске салған Ердоған 2012 жылы екі ел арасында құрылған Жоғары деңгейдегі стратегиялық ынтымақтастық кеңесінің алғашқы жиналысының да Түркияда жүзеге асқанын атап айтты.
Ердоған сапары барысында Түркия-Қазақстан Жоғары деңгейдегі стратегиялық ынтымақтастық кеңесінің екінші жиналысының да өткізілетінін білдірді.
Қожа Ахмет Ясауидің Түркістандағы қабіріне баратындарын атап көрсеткен президент Ердоған Қожа Ахмет Ясауи Университеті тарапынан берілетін құрметті докторлық атағын қабылдап, студенттер және академиктермен де бас қосатынын мәлімдеді.
Президент Режеп Тайып Ердоған сапары аясында Дін істері басқармасы тарапынан жаңа салынған Қожа Ахмет Ясауи атындағы бір мешіт пен комплекстің де ашылу рәсіміне қатысады.


