Автор: admin

Түркиядағы бүгінгі жергілікті сайлауда стамбұлдық қазақтар аса белсенді. Олар тіпті, саси науқанда бақ сынасуда. Мәселен, Стамбұлдың Зейтүнбұрны ауданында тұратын Серкан Динчтүрік деген бауырымыз МНР (Ұлтшыл әрекет партиясы) атынан сайлауға түсетін үміткерлер қатарында. Серкан Динчтүрік бауырымыз не себепті МНР партиясын таңдады? Түркі бірлігі мен Түркияның Қазақстанмен ынтымақтастығын арттыруда қадай шаралар атқармақ? Стамбұлда Серкан бауырымызбен кездесіп, әңгімелескен едік. Нәзия Жоямергенқызы, Стамбұл, Түркия https://www.youtube.com/watch?v=af1oCLPi-a8 http://turkystan.kz/

Read More

Саясаткер әрі миллиардер Петр Порошенко (сол жақта) мен «УДАР» партиясының жетекшісі Виталий Кличко. Лондон, 26 наурыз 2014 жыл. Украиналық саясаткер, «УДАР» партиясының жетекшісі Виталий Кличко президент сайлауына түсуден бас тартып, демократиялық күштер атынан бірегей кандидат ретінде Жоғарғы рада депутаты, миллиардер Петр Порошенконы ұсынуға шақырды. Бұл мәлімдемесін сенбі күні «УДАР» партиясының съезінде жасаған Кличко өзі Киев мэрі сайлауына түсу ниеті барын айтты. Партия Кличконың шешімін құптап дауыс берді. Сол күні өз съезін өткізген «Батькивщина» партиясы алдағы президент сайлауына осы ұйымның жетекшісі Юлия Тимошенконы ұсыну туралы шешім қабылдады. «Свобода» партиясы президент сайлауына үміткер ретінде өз лидері Олег Тягнибокты ұсынды. Сонымен бірге Украина…

Read More

Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, жазушы Дулат Исабеков кеше Елбасымен жүздесіп, Ақордада болып қайтты. Қаламгер мен Президент арасында қандай әңгіме болды? Аузы дуалы ағамыз Мемлекет басшысымен не жайында сөйлесті? Осы сауалдар төңірегінде Abai.kz ақпараттық порталының тілшісі жазушымен шағын сұхбат жасады. — Дулат аға, бұл, әрине, дәстүрлі сұрақ: Елбасымен араларыңызда қандай әңгіме болды? — Президентпен кездесіп шыққан бетте менен телеарналардың журналистері шұғыл сұхбат алған болды. Бірақ олардың менің сөзімді үзіп-жұлып бергені ұнамады. Мен тележурналистерге кездесу барысындағы әңгімемізді толықтай айттым-ау деймін. Бірақ олар менің Лондонға шығармашылық сапармен баратынымды, осы сапарым жайлы Елбасын құлағдар еткенімді ғана көрермен қауымға жеткізді. Бұдан жұрт ойлауы мүмкін ғой, мына…

Read More