Автор: admin

Еуропада өнер  көрсетіп   жүрген  қазақ футболшысы атажұртына  оралды. Голландияның «Аякс» футбол  мектебінің түлегі Мұрат Өнал бүгін  Қазақстанға келді. Футболшы еліміздің бірінші лигасында  ойнайтын Шымкенттің «Қыран»  командасының  жейдесін кимек. Бүгін Шымкентке келген Мұрат Өнал өзінің Қазақстан футболын назардан тыс шығармайтындығын,  наурыздың басында  Түркияның  Алания қаласында өткен оқу-жаттығу  жиындарында «Қыран» сапында болғанын айтты. «Мен Голландияның  премьер-лигасында да ойнағам. Ол жақта  бәсекелестік өте жоғары. Футболшылардың техникалық дайындығы өте жоғары болады. Сондай-ақ,  күш-қуаттары да  мол келеді. Ал, «Қыран» командасындағы ойыншылар  жастар екен. Техникалық шеберліктері де жақсы. Алайда, біз шаршап қалмайтындай болуымыз керек. Күш қуатымыз мығым болғаны жақсы. Жалпы, қазақ футболын үнемі бақылап отырамын.…

Read More

Еуропаны тітіреткен Ұлы даланың ұлы, ғұндардың басшысы Атилланың (Еділ патша) қабірі Венргиядан табылды. Ұлы қолбасы байырғы түркі ғұрыптарына сай жерленген. worldnewsdailyreport .com сайтының мәліметінше, бұл әйгілі Атилланың дәп өзі. Еділ патшаның Еуропа елдерінің бірінде жерленгені туралы аңыздар көп, оның тарихи дәлелдері де бар. Ал оның тығылған қазынасы туралы аңыздар талайды жолға шығарды. Қазына іздеушілер ғұндардың даңқты қағанының ізімен саяхат жасап, өмірін де зерттеп көрді. Алайда ештеңе табылмады. Бірақ археологтар осы бағыттағы жұмыстарын тоқтатқан емес. Таяуда венгриялық Капитолида Дунай өзеніне көпір салып жатқанда құрылысшылар VI ғасырға тән қабір тауып алады. Бұл ғұндардың патшасы Атилла болуы әбден мүмкін. «Бұл таңғажайып орын», -…

Read More

Алматыдағы резиденцияда өткен әңгіме барысында отандық мәдениетті дамыту мәселелері мен қазіргі заманғы әдеби үдерістердің аспектілері талқыланды. Мемлекет басшысы қазақстандықтардың мәдени және рухани баюына тікелей ықпал ететін жазушылар мен барлық шығармашылық өкілдері қызметінің маңыздылығын атап өтті, сондай-ақ баршасына табыс тіледі. Д.Исабеков өзінің соңғы жазған туындылары мен шығармашылық жоспарлары жөнінде әңгімеледі. Атап айтқанда, ол алдағы уақытта Лондонда ағылшын тіліндегі кітабының тұсаукесері және «Өкпек жолаушы» пьесасының премьерасы өтетінін айтты. akorda.kz

Read More