Автор: admin

Бөлтай ақсақалдың шөбересі, Койтас Молда немересі, Айдана Әшір-Бек қызы Қойтас-Молда Бөлтайұлы ас-Сәбилан ат-Түркістани 1877-ші жылы Түркістан қаласында туған. Сонда араб тілінде діни бастауыш білім алған. Хиуа шәһарында оқуын жалғастырған. 1892-ші жылы әкесі Бөлтай Қожамұратұлы (1819-1907 ж.ж) ислам қағидаларын біле түссін деген мақсатпен жіберген. Хиуа шәһарындағы Ишанқалада діни орта мектепті бітіргеннен соң, Мұхаммед Омар Әминхан медіресесіне түседі. Онда ислам ережелері мен шариғаттан, философиядан, логикадан, тарихтан білім алады. Шығыс данышпандарының шығармаларын оқиды. 1902-ші жылы оқуын бітіргеннен соң, Уфа қаласына барып бірер жыл мектеп-медіреседе мантиқ (логика), шариғат ережелері, Құран тәпсірі пәндерінен сабақ береді. 1905-1906-шы жылдары 2-ші рет Мекке-Мәдинеге барып, қажылық парызын өтеген соң,…

Read More

Алмасбек Әбсадықов ЕЛІ ҮШІН ТУҒАН ЕР ХХ ғасыр басында Ресей отарындағы қазақ жұртын азаттыққа жетелеген Алаш зиялылары туралы аз айтылып, кем жазылып жүрген жоқ. Бұл үрдіс отарлық құрсауда болған халықтың бодандықтың бұғауындағы бүкпеншекті азат елдің еркін санасына айналдырудағы күрделі жұмыстардың бірі деп танимыз. Себебі бірнеше ғасыр отар болған елдің тәуелсіз елге айналуы жарияланған акт арқылы біте салатын жұмыс емес. Ол үшін ұлттың тарихын жазу, кем-кемтігін түзеу, рухани қазынасын түгендеу сынды жұмыстарды «белден кеше» отырып жүргізу қажет. Сондықтан Алаш зиялылары туралы жарияланып жатқан көп еңбектер қатарын туған елдің жаңа бағдарының шындығынан туындаған заңды құбылыс, отаршылық зардабын саралаған замана сазына лайық үрдіс…

Read More