Көшпенділер қоғамында әдейі соғысқа үйретілген аттар болған. Ұрыс қимылдарына, әдістеріне жаттыққан аттарды қазанат немесе ереуіл ат депатайды. Ереуіл атқа ер салмай, Ерлердің ісі бітер ме, – деп Махамбет ақын жырлағандай, әскери аттарсыз батырлардың ісі бітпейтінін көрсетеді. Соғыс қару-жарақтарының түріне байланысты атты соғысқа салудың әдістері болған. Бұл туралы деректер аз. Қолда бар деректердің өзі алтынның сынығындай. Көшпенділер жауынгерлері соғысқа шыққанда өзімен бірге 2-3 ат алып жүрген. Марко Поло, П.Карпинилердің еңбектерінде моңғолдардың жорыққа 2-3 атпен шығатыны жазылған. Әмір Темір жорыққа әр жауынгер екі, әр онбасы бес, жүзбасы он, мыңбасы жүз аттан алып жүруді міндеттеген. Атты қосарға алып жетектеудің әдісі бар. Алыс…
Автор: admin
Қазақта «қолда барда алтынның қадірі жоқ» деген аталы сөз бар. Біз Нұрсұлтан Әбішұлының қадірін жете түсініп жүрміз бе осы? Түсінбесек, енді түсінетін кез келді. Қытай реформаторы Дын Сиаупин: «Маоның қателіктерінде менің де үлесім бар. Қателеспейтін адам болмайды. Бұрынғы қателіктердің бәрін Төраға Маоның ғана атына жазу дұрыс бола қоймас. Сондықтан біз оған төтенше әділ баға беруіміз керек» депті. Нұрсұлтан Әбішұлының да сондай қателіктері болу мүмкін, бірақ Ұлттың болашағы үшін істеген ұлы істері бәрінен басым түседі. Украина трагедиясы мен Ресей Федерациясындағы «Қырым мен Севастопольды қосып алу» барысы бізді Елбасымыздың жүргізіп келе жатқан саясатына басқа көзбен қарауға мәжбүр етті. Наурыздың 18-і күні Орыс президенті Уладимир…
Ұлыстың ұлы күні – наурыз мейрамы құтты болсын. Алла Тағала күллі мұсылман баласына, қазақ халқына бақыт сыйласын. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болып, қазақтың көк байрағы мәңгілік желбірей берсін. Жанұяңызда ылғида жақсылық болып, бақ-дәулетіңіз шалқысын. Шығармашылық жұмысыңыз шың басына шығандап, қаламыңыз қанатты, ұрпағыңыз санатты болсын! Құрметпен Жәди Шәкенұлы 21.03.2014 Астана-Қоянды

