Close Menu
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Тарих
    • Қазақ шежіресі
    • Қазақ хандары
    • Қазақ рулары
    • Тұлғалар
  • Тағылым
  • Руханият
    • Әдебиет әлемі
  • Ғылым-білім
  • Спорт
  • Сұхбаттар
  • Media
    • Бейнежазбалар
    • Фоторепортаж
  • Кітапхана
Facebook X (Twitter) Instagram
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Қазақ тілі
    • Қазақ тілі
    • Русский
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Тарих
    • Қазақ шежіресі
    • Қазақ хандары
    • Қазақ рулары
    • Тұлғалар
  • Тағылым
  • Руханият
    • Әдебиет әлемі
  • Ғылым-білім
  • Спорт
  • Сұхбаттар
  • Media
    • Бейнежазбалар
    • Фоторепортаж
  • Кітапхана
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
Басты бет»Спорт»Астанада Мұстафа Өзтүрікке арналған Түркия қазақтарының концерті өтеді
Спорт

Астанада Мұстафа Өзтүрікке арналған Түркия қазақтарының концерті өтеді

26/03/20140
Астанада Мұстафа Өзтүрікке арналған Түркия қазақтарының концерті өтеді

Астанада Мұстафа Өзтүрікке арналған Түркия қазақтарының концерті өтеді11 сәуір күні Астана қаласында әлемге әйгілі спорт шебері, Қазақстанда таэквандо мектебінің негізін қалаушы Мұстафа Өзтүріктің 60 жылдық мерейтойына арналған «Қазақстан-Түркия достық кеші» атты Түркия қазақтарының концерті өтеді,- деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.  

Спорт саңлағының 60 жылдық мерейтойына орай өтетін Түркия қазақтарының концертінде Алтайдан ауып Анадолыға жеткен қазақтың ән-күйі орындалады. Осы орайда Түркия қазақ диаспорасындағы өнерпаздардың атажұртта өтетін кешіне бастамашы болған, бірнеше жылдан бері Түркия қазақтарының музыка өнерін зерттеп жүрген Мәдениет қайраткері Нұрлан Бекеновқа хабарластық.
«Мен Түркия қазақтарының ән-күйін зерттеу мақсатымен 2011 жылы Ыстамбұлға барған сапарымда Мимар Синан көркемөнер университетінің профессоры Әбдіуақап Қараның жеке мұрағатынан Анадолыға ауған қазақтар арасында күйшілік өнерді жалғаған Сарымолла мен Жармұхаммед атты күйшілердің орындаған күйлерін алдым. Композитор Бешір Ахмет Көсенің әндерімен қоса басқа да ағайындар арасында таралған әндерді әкелдім. Олардың барлығын дерлік нотаға да, оркестрге де түсірдік. Осы жұмыстың қорытындысы ретінде өткелі отырған ән-күй кешін белгілі спорт шебері, Түркияның тумасы Мұстафа Өзтүріктің 60 жылдығымен орайластыруымыздың да мәні бар. Ең алдымен, Мұстафа Өзтүрік Түркия қазақтарынан шыққан белгілі тұлға болса, екінші жағынан осы кеште таэкванда тарланының сөзіне жазылған Ғани Макиннің «Жұлдыздарды тілейсің бе?» атты әні үлкен сахнада тұңғыш рет шырқалмақшы»,-дейді Астана қаласы Мемлекеттік филармониясы Қазақ халық аспаптар оркестрінің дирижері Н.Бекенов.
Концертке Түркия Қазақ қоғамының төрағасы Фазыл Топлы, ғалым Әбдіуақап Қара қатысып, сазгер Бешір Ахмет Көсе, Седат Солақұлы, Сержан Тұнжер қатарлы өнерпаздар ән мен күйден шашу шашпақ. Сондай-ақ, Астана қаласы Мемлекеттік филармониясының ұйымдастыруымен өтетін кештің сәнін ҚР еңбек сіңірген қайраткері Орынбай Дүйсен, Раушан Мұсақожа, Гүлзира Бөкейхан қатарлы танымал өнерпаздар да асыратын болады.
 

Майгүл СҰЛТАН

Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous ArticleАрқада – айтыс аламаны
Next Article Ру – қазақтың феномені. Бірақ…

Оқи отырыңыз...

Қырғыз блогеріне жауап

06/09/20260

ҚФФ «БАТЫР ЖОЛЫ» ЖОБАСЫНЫҢ ЕКІНШІ КЕЗЕҢІНЕ КІРІСТІ

17/08/20262

Қазақстандық балуандар Дортмундта топ жарды

17/08/20261
Фоторепортаж

Бейнежазба









Серіктестер
Бізбен байланыс
Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com
Жарияланған материалдарды сілтемесіз көшіруге болмайды.. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.
Demo
Top Posts

Есте қалар ел тарихы

20/07/201473

Шежіре — Оймауыт пен Бөгежіл руы

13/11/201464

Самырат шежіресі

30/09/201346
Stay In Touch
  • Facebook
  • YouTube
  • TikTok
  • WhatsApp
  • Twitter
  • Instagram
Latest Reviews

Subscribe to Updates

Get the latest tech news from FooBar about tech, design and biz.

Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp Telegram
©2025 - 2026 / Nomadtimes.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Демеушілер

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.