Мемлекет басшысы «Тоталь» компаниясының президенті Патрик Пуяннені қабылдады-деп хабарлайды президент баспа сөз қызмет. Кездесу барысында ынтымақтастықты нығайту мәселелері, сондай-ақ алдағы кезеңге арналған жоспарлар талқыланды. Елбасы «Тоталь» компаниясы елімізде 1993 жылдан бастап жұмыс істейтініне, ірі жобаларды жүзеге асыруға қатысып келе жатқанына тоқталды. – Алдымызда зор міндеттер тұр, соның бастыларының бірі Қашаған кенішін және компания жұмыс істейтін басқа да блоктарды игеру болып отыр. Қазақстанда «Тоталь» компаниясының қатысуымен Дәнекерлеу институты жұмыс істейді, күн энергетикасы саласындағы жобалар жүзеге асырылуда. Біз достық қарым-қатынастар мен барлық бағыттар бойынша ынтымақтастық дәстүрін жалғастыратын боламыз, – деді Нұрсұлтан Назарбаев. «Тоталь» компаниясының президенті шетелдік инвесторлар үшін қолайлы аухалдың сақталуының…
Автор: admin
Алматыда пайда болған жаңа қоғамдық көлік түрі — велотакси. 14 сәуір 2015 жыл. Алматыда бүгін қала үшін жаңа қоғамдық көлік құралы — велотакси пайда болды-деп хабарлайды азаттық . Әзірге Алматыда мұндай 10 такси қаланың орталық бөлігінде ғана жүреді. Велотакси жүргізушілерінің Азаттыққа айтуынша, такси бүгін тұрғындарды тегін тасымалдайды. Бірақ ертеңнен бастап такси қызметі ақылы болады. Велотакси жүргізушісінің сөзінше, такси бағасы баратын жердің қашықтығына байланысты және ол әдеттегі таксилердің бағасына бара-бар болмақ. Велотакси шанағында «26 сәуір #Мен дауыс беремін» деп жазылған. Велотакси жүргізушісінің үстіне киген футболкасында да осындай жазу бар. Жаңа такси жүргізушілері осылайша қалалықтарды кезектен тыс сайлау күні дауыс беру бөлімшелеріне…
Алматы, Астана қалаларынан қаламдас аға-бауырларым хабарласып: «Әдебиет порталы» сізді «ұры деп жатыр, тез арада сотқа берсеңізші!» деп шырылдайды. Аталған сайтты ақтардым, көрдім. Тақырыбы айқайлап тұр, біраз шіркіндердің қыбы қанып отырған сыңайлы. «Тисе терекке, тимесе бұтаққа». Аужайдың ақырын бағайын, кім қаншалықты деңгейде өзін көрсете алады? – өзімді сабырға шақырдым. Осындай бір даулардың болатынын күні бұрын аңдағандай, кезінде ««Қаралы көш» кітабы қалай жазылды» деген мақала жазыппын. Бұл мақала тарихи романның соңына да берілген. Жауап ретінде соны ұсынуды жөн көрдім. Әңгіменің қалғанын сосын айтармыз. Қытайдағы қазақтар және олардың тағдырын сөз еткенде, өзім туып-өскен орта болғандықтан, тарихына қанықпын деп тоқ көңілмен марқайып жүруші едім. Кейіннен, яғни 2006…

