Қазақстан Республикасы Мемлекеттік хатшысының міндетін уақытша атқарушы Кәрім Мәсімовтің төрағалығымен Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның отырысы өтті, деп хабарлады президенттің баспасөз қызметінен. «Отырыс барысында Қазақстан Президентінің бастамасымен жүзеге асып келе жатқан «Болашақ» халықаралық стипендиясын одан әрі жетілдіру жөніндегі ұсыныстар қаралды», — делінген бейсенбідегі Ақорда сайтындағы хабарда. Хабарға сәйкес, 2014 жылдан бастап магистратурада оқу және тағылымдамадан өту үшін шет тілін білудің қажетті бастапқы деңгейі IELTS 9.0 баллдан – 3.0-ден 4.0. баллға дейін, ал резидентурада, докторантурада оқуға – 5.0 баллға дейін ұлғайтылды. Сондай-ақ, мемлекеттік тілді білу жөніндегі барлық санаттағы үміткерлерге ең төменгі талаптар арттырылды. ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша ең төменгі деңгей –…
Автор: admin
Британ тарапының бастамасымен өткен телефон арқылы сөйлесу барысында Қазақстан-Ұлыбритания қарым-қатынастарының жай-күйі мен перспективалары, соның ішінде Д.Кэмеронның 2013 жылғы шілде айында Қазақстанға мемлекеттік сапары аясында қол жеткізілген келісімдердің іске асырылу барысы талқыланды. Әңгімелесу кезінде халықаралық саясат мәселелері, сонымен бірге алдағы 24-25 наурызда Гаагада өтетін Ядролық қауіпсіздік жөніндегі жаһандық саммитке дайындық жөнінде де пікір алмасылды. Украинадағы ішкі саяси жағдайдың өрістеуіне баса назар аударылды. Екі елдің көшбасшылары Украина дағдарысын дипломатиялық келіссөздер жолымен және халықаралық бітімгершіліктің ықтимал тетіктерін пайдалана отырып бейбіт реттеу қажеттігін қуаттады. Сондай-ақ, тараптар қалыптасып отырған жағдайдың шешімін табу Украинада халықаралық құқықтық барлық базалық нормаларын қалпына келтіру арқылы бейбіт жолмен жүзеге асырылуға…
Жалпы мерзімі – 5 жыл, яғни, 1933 жылдан 1938 жылға дейін Қазақстанды басқарған Мирзоянның атында ел аумағында мыңдаған көше бар. Бұл көшелерге Мирзоян есімі совет өкіметі кезінде берілген. Қазақстан 1991 жылы Тәуелсіздік алды. Қазір — 2014 жыл. 23 жыл. Ал, Мирзоянның және басқа большевиктердің ескерткіштері мен олардың атындағы көшелер сол қалпы, мызғыған жоқ. Билік тарапынан коммунисттердің атындағы көшелерді түгелдей ауыстырып, ескерткіштерін құлату туралы бастама болған емес. Әрі неліктен мемлекет құрушы халықты қасақана қырған коммунистердің ескерткіштері жойылып, көшелері ауыстырылмай келе жатқанына ресми түсіндірме жауап күні бүгінге дейін жоқ. Ресми билік қоғам іштей күткен дүниелерге жауап бермеген жерде азаматтық қозғалыс басталатыны дәлелдеуді…

