Автор: admin

MediaNet  Халықаралық журналистика орталығы жанындағы «DEMOSCOPE» қоғамдық пікірге экспресс-мониторинг жүргізу бюросы Қазақстан азаматтары арасында тұрғындардың девальвацияға көзқарасы мен девальвацияның тигізген әсерін анықтау мақсатында сауалнама жүргізді. Сауалнамаға Астана, Алматы қалалары мен Қазақстанның 14 облыс орталығынан барлығы 2000 адам қатысты. Сұрақтарға 18-жастан жоғары 70% әйелдер мен 30% ер адамдар жауап берді. Сұрақ қою әдісі – телефон арқылы жүргізілген сауалнама және онлайн-сауалнама   2014 жылдың ақпан айында болған девальвация қазақстандықтардың бестен бір бөлігінің жинақ ақшасына айтарлықтай кері әсер етті. Сонымен қатар, 14%-ң жинақ ақшасы аз ғана суммаға зиян шекті.  Сауалнамаға қатысушылардың жартысынан көбінің (54%) жинақ ақшасы болмағандықтан, ешқандай өзгеріс байқалмады. Ал жауап берушілердің…

Read More

   Бүгінгі төрткүл дүниенің бастан кешіп отырған жаһандық төңкерісі айғай-шу, дабыраға ұласты. Египеттегі саяси ахуал тынышталмай, Украинадағы Еуромайдан әлем назарын өзіне қаратып отыр. Батыс пен Шығыстың тіпті алыс материктегі алпауыт  АҚШ-тың өзі дабырдың бел ортасын өзінің бақылау нысанына айналдырды. Аласапыран уақыт ендігі жерде мақсаты мен мүддесі бір, тарихи тамыры тереңнен байланысып жатқан елдердің өзін бір-біріне жауластырды. Әйтпесе, Украина жұрты мен орыстың жақындығы тарихымыздан белгілі. Бірақ Жириновский мен Лимоновтай оттаған ұлдары бар орыстың халқы астарлы оймен туыстас жұрты Украина мен де, экономикалық  әріптес Қазақстанға тисуді қоймай келеді. Тіпті қаншама елдер осындай төңкерістер арқылы ақпараттар тасқынын жиілетіп отыр. Тыныш отырмай, екі ортаға…

Read More

Екі елдің көшбасшылары Қазақстан-Германия екіжақты қарым-қатынастарының жай-күйі мен перспективаларын, сондай-ақ Қазақстан Президентінің Германияға сапары барысында қол жеткізілген келісімдер негізіндегі сауда-экономикалық ынтымақтастық аясын кеңейту мәселелерін талқылады.

Read More