Алматының оңтүстік-шығысындағы Көктөбенің айналасында қураған ағаш пен қурай өртеніп жатыр. Қалалық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің Азаттыққа хабарлауынша, өрт аумағы болжаммен 1-2 гектар аумақты құрайды. Өрт туралы ақпарат күндізгі сағат 12 шамасында түскен. «Өрт сөндірушілер өртті өшіріп жатыр, бірақ жылдамдықпен соққан жел өртті өшіруге аздап кедергі келтіріп жатыр. Әзірге зардап шеккендер, бүлінген ғимарат, нысан туралы мәлімет жоқ. Толық ақпарат бір сағаттың шамасында болады» деді департаменттен. Өрттің себептері жайлы әзірге айтылмайды. azattyq.org
Автор: admin
10 сәуірде Астанада Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ұйымдастыруымен академик Қаныш Сәтбаев атындағы көшенің салтанатты түрде ашылу рәсімі өтті, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі. Елордадағы Левон Мирзоян атындағы көше Астана қалалық мәслихатының кезектен тыс шақырылған сессиясының шешімімен қала тұрғындарының қалауы негізінде Қаныш Сәтбаев көшесі болып өзгертілген болатын. Енді қаулы заңды күшіне еніп, көше атауы Қ.Сәтбаев көшесі болып өзгертілді. Ерлан Сыдықов, ЕҰУ ректоры: — Бұл көшені Қаныш Сәтбаевтың атымен атауымыз бүкіл қазақ үшін үлкен қуаныш. Нобельдік сыйлықтың деңгейіндегі жаңалықтар ашып, Сарыарқа төсін зерттеген ғалымға көрсеткен құрметіміздің айғағы. Болашақта бұл көше Қарағанды тас жолына дейін созылатын болады. Дәл осы көшеге Қаныштың…
Куба мемлекеттік кеңесі төрағасы Рауль Кастро (сол жақта) және АҚШ президенті Барак Обама, Панама, 10 сәуір 2015 жыл. АҚШ президенті Барак Обама мен Куба мемлекеттік кеңесі төрағасы Рауль Кастро сенбі күні Панамадағы «Америка саммиті» аясында екіжақты келіссөздер өткізді. Екі мемлекет жетекшілерінің арасындағы соңғы кездесу 1959 жылы өткен. Обама бұл жолғыны «тарихи кездесу» деп атап, ұзақ жылдарға жалғасқан жаулықты екі елдің тоқтата алатыны туралы мәлімдеген. Ол АҚШ пен Куба арасындағы қатынасты қайта қалпына келтіру тек екеуіне ғана емес, бірқатар өзге мемекеттерге де жаңа мүмкіндіктер ашады деп айтқан. «АҚШ сыртқы саясатындағы бұл өзгерістер біздің бүкіл аймақтағы бетбұрыс кезеңінің куәсі болып отыр» деген…

