Украинадағы саяси ахуал бүкіл әлем жұртының назарында. «Түркістан» газеті де халықаралық мәселені жіті назарда ұстап отыр. Біз саясаттанушы Айдос Сарымның Украинадағы жағдайға байланысты пікірін білген едік.
Автор: admin
Семейдің тарихи-өлкетану мұражайындағылар мекеме қорында 80 жылдан астам сақталып жатқан сауыттың иесі кім екенін тапты деп хабарлайды Tengrinews.kz. Мұражайдың директоры Бекен Теміров өздеріне 89 жастағы қарт, Ұлы Отан соғысының ардагері Асқап Жұмаділовтің келгенін, сөйтіп көне сауыт оның бабасына, атақты қазақ батыры Ақтамберді жырауға тиесілі екенін айтқанын жеткізеді. Өткен жүзжылдықтың 20-жылдары елден береке кетіп тұрғанда батыр ұрпақтары Қытайға өтіп кетпекші болады. Бірақ олар шекараға жеткенде іздеріне шекарашылар түседі. Осындай қуғын-сүргін кезінде қолдағының барлығы жайрап қалады. Өлгендердің заттары арасында батырдың сауыты да болған. «Осыдан кейін туысқандар бір-біріне бабасының сауыты мұражайда сақталып жатқанын айтып отырған. Ұрпақтары бірнеше рет келіп, сауыттың осында екеніне көз жеткізіп…
Galym Bokash Facebook парақшасынан алынған пост Ресейдің ақпараттық құрсауында қалған үш-төрт ел тұрғындары өздеріне мына сұрақтарды қойса болар еді:Неге әр уақытта өзін «Киелі Русь», «Үшінші Рим», «ӘлемдікПролетариат Қамқоршысы» және «Шіріген Батыстың Басты Әшкерелеушісі» деп атап келген «әділетсүйгіш» Кремльден оның Еуропадағы (Сербия) және ТМД-дағы (Украина) ең жақын одақтастарының өзі безіп кетті?

