Автор: admin

2014 жылғы 23 ақпан күні Мәскеуде Ресей Либерал-демократиялық партиясы (РЛДП) фракциясының төрағасы, Ресей Федерациясы Мемлекеттік кеңесінің мүшесі Владимир Жириновский митингта сөз сөйлей отырып, Орталық Азия мемлекеттерін, соның ішінде Қазақстанды Ресей Федерациясының құрамына кіргізуге шақырды. Жириновский мырза ресми тұлға, РФ Мемлекеттік Думасының депутаты, ірі саяси партияның басшысы болып табылады. Біздің пікірімізше, осындай жоғары мемлекеттік лауазымдарға ие адам өзінің көпшілік алдында жасайтын мәлімдемелеріне үлкен жауапкершілікпен қарауы тиіс. Оның үстіне, бұл саясаткер біздің елімізге қатысты жол берілмейтін мәлімдемелерді бірінші рет айтып отырған жоқ.

Read More

  Қазақстан Республикасы Ұлттық академиялық кітапханасында «Қазақтың Қасым, Хақназар хандары» атты кітаптың тұсаукесері өтті. Бұл туралы кітапхананың баспасөз қызметі хабарлады. «Үшқиян» баспасынан жарық көрген «Қазақтың Қасым, Хақназар хандары» атты кітапта ХVI ғасырда Қазақ мемлекетін қалыптастырып, халықаралық аренаға шығарған Жәнібек хан баласы Қасым хан, онан кейін қайта ыдырап, әр елдің қарамағына кеткен қазақтың жерін, елін қайтарып басын біріктірген Қасым хан баласы Хақназар хан туралы тарихи деректер топтастырылған. Бұл кітапты құрастырушы Хақназар ханның тікелей ұрпағы, экономика ғылымдарының кандидаты, профессор, Бүкіләлемдік Шыңғысхан академиясының құрметті академигі Жантеке Қалилаұлы Жәрімбетов. baq.kz

Read More

Грузияның бұрынғы президенті Михаил Саакашвили Киевке ұшып келді. Оның айтуынша, Майдандағы оқиға Ресейдің Украинаға деген ықпалын біржола тоқтатты. Саясаткер осынау қақтығыстар кезінде қаза тапқандар алдында бас иетінін айтты. «Мен сіздердің алдарыңызда, әсіресе қайтыс болғандардың рухының алдында тізерлеп тұрып, басымды иемін. Олар — кешегі қарапайым азаматтар, Украинаның бүгінгі батырлары өздерін ұлы құрбандыққа шала білді. Олар кәсіби жауынгерлер емес еді. Олар тек керемет батылдығымен көзге түскен азаматтар» деді Саакашвили көтерілісшілер алдында. Оның айтуынша, Украина орыстар салған бұғаудан біржола босап шықты. Енді тарих оқулықтары мен кітаптарында «Украина Ресей империясының тамырына Майданда балта шапты» деп жазылмақ деп қосты ол. Грузияның экс-президенті көтерілісшілерге істі соңына…

Read More