Close Menu
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Тарих
    • Қазақ шежіресі
    • Қазақ хандары
    • Қазақ рулары
    • Тұлғалар
  • Тағылым
  • Руханият
    • Әдебиет әлемі
  • Ғылым-білім
  • Спорт
  • Сұхбаттар
  • Media
    • Бейнежазбалар
    • Фоторепортаж
  • Кітапхана
Facebook X (Twitter) Instagram
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Қазақ тілі
    • Қазақ тілі
    • Русский
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Тарих
    • Қазақ шежіресі
    • Қазақ хандары
    • Қазақ рулары
    • Тұлғалар
  • Тағылым
  • Руханият
    • Әдебиет әлемі
  • Ғылым-білім
  • Спорт
  • Сұхбаттар
  • Media
    • Бейнежазбалар
    • Фоторепортаж
  • Кітапхана
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
Басты бет»Жаңалықтар»Семейдегі көне сауыттың құпиясы ашылды
Жаңалықтар

Семейдегі көне сауыттың құпиясы ашылды

26/02/20140
Семейдегі көне сауыттың құпиясы ашылды

Семейдегі көне сауыттың құпиясы ашылдыСемейдің тарихи-өлкетану мұражайындағылар мекеме қорында 80 жылдан астам сақталып жатқан сауыттың иесі кім екенін тапты деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Мұражайдың директоры Бекен Теміров өздеріне 89 жастағы қарт, Ұлы Отан соғысының ардагері Асқап Жұмаділовтің келгенін, сөйтіп көне сауыт оның бабасына, атақты қазақ батыры Ақтамберді жырауға тиесілі екенін айтқанын жеткізеді. Өткен жүзжылдықтың 20-жылдары елден береке кетіп тұрғанда батыр ұрпақтары Қытайға өтіп кетпекші болады. Бірақ олар шекараға жеткенде іздеріне шекарашылар түседі. Осындай қуғын-сүргін кезінде қолдағының барлығы жайрап қалады. Өлгендердің заттары арасында батырдың сауыты да болған.

«Осыдан кейін туысқандар бір-біріне бабасының сауыты мұражайда сақталып жатқанын айтып отырған. Ұрпақтары бірнеше рет келіп, сауыттың осында екеніне көз жеткізіп кеткен. Алайда ол туралы ашық айтуды жөн санамаған. Соған байланысты зат көп уақыт қорапта сақталды. Ал алып шыққанда сауытты ел алдына қою мүмкін болмады. Себебі ол әбден ескіріп, тозған. Біз маманды шақырдық, ол сауытты қалпына келтірді. Металл тот басқан, сондықтан ол ілініп әрең тұр, шалт қимыл сауыттың сөгіліп кетуіне әкеп соғуы мүмкін» — дейді Теміров.

Директор металл құрамы мен оның нақты уақытына қатысты мәліметті анықтау үшін сауыттың сараптамаға жіберілетінін айтты.

«Ал Ақтамбердіде осындай сауыт болғандығы туралы оның өлеңдерінде жазылады» — деді Теміров.

Ақтамберді жырау 1675 жылы дүниеге келген. Жастай соғысқа қатысты. Ол ержүрек әрі мықты батыр ретінде ел есінде сақталған.

Tengrinews.kz

https://www.youtube.com/watch?v=vjYf0lM4L6M

Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous ArticleРесейдің ақпараттық құрсауында қалған үш-төрт ел тұрғындары өздеріне мына сұрақтарды қойса болар еді:
Next Article Айдос Сарым, саясаттанушы: Ресейдің ақпараттық, саяси ықпалынан шығуымыз керек

Оқи отырыңыз...

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды Бельгия Королі Филипп пен Патшайым Матильданы қарсы алды.

15/10/20262

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ильхам Әлиев Транскаспий талшықты-оптикалық байланыс желісін іске қосу рәсіміне қатысты

15/10/20262

Көкжайлауға 2 мыңға жуық Шренк шыршасы егілді.

04/10/20262
Фоторепортаж

Бейнежазба









Серіктестер
Бізбен байланыс
Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com
Жарияланған материалдарды сілтемесіз көшіруге болмайды.. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.
Demo
Top Posts

Есте қалар ел тарихы

20/07/201473

Шежіре — Оймауыт пен Бөгежіл руы

13/11/201464

Самырат шежіресі

30/09/201346
Stay In Touch
  • Facebook
  • YouTube
  • TikTok
  • WhatsApp
  • Twitter
  • Instagram
Latest Reviews

Subscribe to Updates

Get the latest tech news from FooBar about tech, design and biz.

Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp Telegram
©2025 - 2026 / Nomadtimes.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Демеушілер

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.