Автор: admin

Жәди Шәкенұлы, Қазақстан жазушылар одағының, Еуразия жазушылар одағының мүшесі, жазушы:   Жәди Шәкенұлы, Сізді халық жазушы ретінде ғана емес, өз ойларын батыл, тұжырымды айтатын ұлт қайраткері ретінде де бағалайды. «Қаралы көш» романыңыздың дүмпуі де күшті болды. Дегенменде өзіңіздің оқырмандарыңыз «енді не береді?» деп өзіңізден тағы бір татымды еңбек күтеді. Ұстаздықпен айналысамын деп қаламыңызды қағыс қалдырған жоқсыз ба? Абай, Ахмет, Ыбырайлардан бастап ұлт зиялыларының бәрі де ұстаздық жолды басты. Мен де қызмет жолымды мұғалымдіктен бастағанмын. Кейіннен қала әкімінің кеңсе меңгерушісі, диктор, тілші, редактор секілді алуан қызметтер атқардым. Жұрт мені қаламгер ретінде бағалайды. 8-9 кітабым жарық көрді.

Read More

ҚАРАҒАНДЫ РЕСЕЙДІҢ ҚАЛАСЫ ЕМЕС «Сөз-қару, бұны бұзуға жұмсасақ, бұзады. Түзетуге жұмсасақ, түзейді»,-дейді А.Байтұрсынов. «Сөз-қару» болса, факт журналистиканың ұстын тірегі екені белгілі. Өкініштісі, бүгінгі қазақ баспасөзінде факт-чекинг саласы дамымай келеді»,-деп Дулат Аманжол «Қазақ баспасөз пәрменсіз, журналисі дәрменсіз» атты мақаласында бар күйініш, ренішін білдірген болатын. Шынымен де, бүгінгі қазақ баспасөзінде факті беру тұрғысында жалған ақпаратқа сүйеніп жұртты да, оқырман қауымды да алдап, жатамыз. Бүгінгі оқырман қауымды газет оқымайды деп кінә таға отыра, оларға жалған ақпар беріп отырған

Read More

Сарқытқан Қастер Абай атындағы ҚазҰПУ pH D докторы,  доцент     Әлемде 3 мыңнан астам ұлттар мен ұлыстар бар, ал мемлекеттердің жалпы саны 196 шамасында. Сондықтан болар дүниежүзінде бір ғана ұлттан тұратын мемлекет жоқ, барлық елдер байырғы халықпен бірге диаспоралардан (ұлт шашырандылары) құралады. Әлемде ең дара ұлтты мемлекет саналатын Жапонияның да 100 пайыз жапондар емес, бір пайыздан артығы басқа халықтар[1]. Қазақстандағы жағдай Жапониядай болмаса да жыл өткен сайын қазақтардың саны артып келеді. Мәселен, 2009 жылға халық санағының нәтижесін алып қарасақ, қазақтар саны өткен санақпен салыстырғанда 26,0 пайызға өсіп 10096,8 мың адамға жеткен. Өзбектер саны 23,3 пайызға өсіп, 457,0 мың адамға,…

Read More