Бандера Степан — ол кім?
Бүгін Кремль, ресей БАҚ-тары, қатардағы орыстар әбден жер қылып жатқан «бандерашылар» деген атақты украин ұлттық көсемдерінің бірі Степан Бандераның есімімен тікелей байланысты.
Степан Бандераның бар айыбы Кремльге қарсы күрес жүргізгенінде.
Ол 1909 жылы Австрия-Венгрия империясының қол астындағы Галиция өңірінде (қазіргі Батыс Украина) униаттар (грек-католик сенімін ұстанатындар) отбасында дүниеге келген.
Кейін Украин ұлтшылдарының ұйымының (ОУН) көсеміне айналды. Бандера бастаған украин ұлтшылдары негізінен Украин жерлерін оккупациялаған немесе үстемдік жүргізген сыртқы күштердің барлығымен күрес жүргізді. Олар австриялықтар, поляктар, орыстар және немістер.
Кімде кім украин жерлерін ойрандап, украин халқынының еркіндігін аяқ асты етсе Бандера солардың қас дұшпанына айналып отырған.
1918 жылға дейін Батыс Украина Австрия империясының, 1919-1939 жылдары Польшаның, 1939 жылдан – 1941 жылдың маусымына дейін Совет империясының, 1941-1944 жылдары Германияның бақылауында болды.
1934 жылы Польшаның сыртқы істер министріне қарсы қастандық ұйымдастырғаны үшін бастапқыда өлім жазасына кесілді. Бірақ кейін ол үкім ғұмырлық абақтыда отыру жазасына ауыстырылды.
1939 жылы немістер Польшаға шабуыл жасаған соң бостандыққа шықты.
1941 жылы маусымда герман-совет соғысы басталған кезде Львовта Украинаның тәуелсіздігін жариялады. Бірақ, бұған наразы болған немістер қарсы шығып, Бандераны тұтқындап, Германияға концлагерьге жіберді.
1944 жылдың соңында немістер оны бостандыққа жіберген соң, Батыс Украинадағы Украин көтерілісші армиясына жетекшілік етті.
Өмірінің соңғы кезеңін Германияда өткізген Бандера 1959 жылы КГБ-нің агенті Богдан Сташинскйидің қолынан қаза тапты.
Көп ұзамай герман арнайы қызметінің қолына түскен Богдан Сташинский Степан Бандера мен өзге де украин ұлтшылдарының көзін жүйелі түрде құртқанын ашық мойындады.
Совет империясы тұсында да, қазіргі кезеңде Ресейде Степан Бандераға қатысты көзқарас теріс болды. Совет және қазіргі Ресей билігі оған фашист, террорист, ұлтшыл және радикал деген айыптар тақты.
Украин ұлтшылдарына «бандерашылар» деген лақап Совет дәуірінде тағылған болатын. Дәл осы себептен, Кремль Совет империясының осы бағыттағы дәстүрін жалғастырып, Майдандағы барлық украиндықтарды «Бандерашылар» деп айыптап, бүкіл Украина «бандеризацияланып» жатыр, ертең олар Ресейге шабуыл жасайда деп дабыл қағуда.
Ал, Украинада, әсіресе оның Батыс өңірлерінде Степан Бандера ұлттық батыр және украин ұлтының көсемдерінің бірі ретінде бағаланады. 2010 жылы Украинаның сол кездегі президенті Виктор Ющенко Степан Бандераға «Украинаның батыры» деген атақ беру туралы бұйрыққа қол қойды.
Бандераны Гитлермен немесе фашистермен одақтасты деген ақпаратты таратып, оның тұлғасын құбыжық етіп көрсеткен Совет идеологиясы, ал бүгінгі Ресей елі оған деген ұстанымын өзгерткен жоқ.
Украина ұлы державалардың тоғысқан жерінде орналасқандықтан, өз тарихында солардың талас-тартысының құрбанына айналып отырғанын білеміз. Біресе, австриялықтар, одан кейін венгрлер, одан кейін поляктар, одан соң орыстар, іле-шала немістер, қайтадан орыстар Украинаны ойрандап, халқын қырғынға ұшыратқан болатын.
Осы негізде, украин ұлтшылдары бір зұлымдыққа қарсы күресте екіншісімен одақтасуға немесе жақындасуға мәжбүр болған. Украин ұлтшылдары австриялықтармен де, венгрлермен де, поляктармен де, орыстармен де, немістермен де соғысқан да, одақтасқан да.
Германия және Ресей секілді алып державалардың қыспағында қалғандықтан Бандера да, өзге украин ұлтшылдары да геосаяси жағдайларды ескере отырып әрекет жасап отырған.
Бірақ олар үшін ең басты құндылық – Украин халқы мен мемлекетінің еркіндігі, тәуелсіздігі және өркендеуі болғаны айқын. Олардың барлығы осы жолдағы күресте құрбан болды.
Осыған орай, Степан Бандераны немесе өзге украин ұлтшылдарын Гитлермен ынтымақтасты деп айыптау сын көтермейтін көзқарас.
Гитлермен және фашистік Германиямен кім одақтаспады дейсіздер?!
Сталин бастаған Совет империясы 1941 жылдың 22 маусымына дейін фашистік Германияның ең сенімді одақтасы болғанын біреуі білсе, біреуі білмес.
1939-1941 жылдары большевизм мен фашизмнің альянсының дәуірі ретінде белгілі тарихта. Англия, Франция секілді Батыстың мемлекеттері Германияға қарсы қасық қаны қалғанша соғысып жатқан кезде, Сталин Гитлерді барынша қолдап, Германияның әскери және экономикалық құдіреттілігінің артуына жан-жақты көмек беріп отырды.
Кейін орыс жерлерін әскери техникамен ойрандаған неміс офицерлері мен генералдарының біраз бөлігі Совет империясының әскери оқу орындарында білім алған. СС пен Гестапоның агенттері Совет империясындағы концлагерьлерде тәжірибеден өткен. СС пен НКВД, Гестапо мен НКВД арасындағы ынтымақтастық өте жоғары деңгейде болды. Гестапо мен НКВД украин, поляк, белорус және өзге халықтардың ұлт-азаттық күресін басып-жаншуда тығыз ынтымақтасқан.
1939 жылы 23 тамызда Кремльде Сталин мен Гитлердің бақылауымен Германияның сыртқы істер министрі Иоахим фон Риббентроп пен Совет империясының сыртқы істер халық комиссары Вячеслав Молотов «Шығыс және Орталық Еуропаны, Балтық бойын өзара бөліске салу және Поляк мемлекетін жою» туралы келісімге қол қойды. Риббентроп-Молотов пактісіне қол қойылған соң, тура бір аптадан кейін 1 қыркүйекте Германия Польшаның Батысына басып кірді, ал екі аптадан кейін «бауырлас украин және белорус халықтарын поляк пандарының езгісінен азат ету» ұранымен Совет империясы Польшаның Шығысына баса-көктеп кірді.
Қыркүйектің соңына таман вермахт пен Қызыл армия Польша мемлекетін талқандады, екі империяның армиясы Львов, Брест, Белосток және өзге де қалаларда кездесіп, Польшаны талқандалуына орай біріккен әскери парадтар өткізді.
Ал 28 қыркүйек күні Иоахим фон Риббентроп пен Молотов Мәскеуде Польшаны толық бөлу және алдағы уақыттардағы соғыс жоспарларын үйлестіру мәселесіне қатысты арнайы герман-совет келісіміне қол қойды.
Көріп отырсыздар, 1939 жылы 23 тамыздағы Риббентроп-Молотов пактісінің екінші жаһандық соғысқа жол ашып бергенін.
Осы келісім арқылы Сталин Гитлерге Польшаға қарсы соғыс ашуға рұқсат берді. Өйткені, Кремльдің батасын алмай Гитлердің Польшаға шабуыл жасауы екі талай еді.
Неге? Өйткені Кремль үшін соғыс төтенше қажет болды! Сталин мен өзге империалистер соғыссыз бүкіл әлемге үстемдік орнатудың мүмкін емес екенін түсінді. Ленин кезінде «Егер 1-ші дүниежүзілік соғыс бізге Ресейдегі билікті басып алуға мүмкіндік берсе, тиісінше, 2-ші жаһандық соғыс бізге бүкіл Еуропа мен әлемде үстемдік орнатуға мүмкіндік береді» деп айтқан болатын.
Гитлер Батыс Еуропада соғыс жүргізіп жатқан кезде Сталин қарап қалмай Финляндияға соғыс ашты, бірақ масқарасы шығып жеңілді. 1940 жылы Балтық бойының үш республикасы — Эстония, Латвия және Литваны оккупациялады. Осы жылы Румынияның тарихи жері – Бессарабияны да (қазіргі Молдова) басып алды. Сталиннің осы әрекетін Британияның «Times» басылымы «Арыстанның жанындағы Гиена» деп бағалады. Мұнда, Арыстан – Гитлер, Сталин – гиена.
1939-1941 жылдары совет-герман альянсы кезеңінде Совет империясында Германияға қатысты «фашист», «нацист» секілді сөздерді пайдалануға қатаң тиым салынды. Сталин Германияны фашистік мемлекет ретінде емес, Совет империясының өмірлік маңызы бар стратегиялық одақтасы ретінде қарастырды.
Керісінше, Кремль Германияға қарсы соғысып жатқан Англия мен Францияны фашистік мемлекеттер, соғыс өртін тұтатты деп айыптады.
Фашистік Германияның Англия, Франция, Голландия, Бельгия, Скандинав елдері, Балқан түбегіндегі елдерді бомбаның астына алып, жерлерін жермен-жексен еткен әскери техникалары орыстың жанар-майымен жүріп тұрды. 1941 жылдың 22 маусымына дейін шикізат тиелген орыс поездары мен ұшақтары Германияға ағылып жатты. Не үшін? Германия соғыста әлсіреп қалмас үшін! Англиядан жеңіліп қалмас үшін!
Сталин Германияның Батыс мемлекеттерімен неғұрлым ұзақ соғысуын қалады. Ондағы басты мақсат – еуропалықтарды бір-бірімен ұзақ ит-жығысқа түсіру арқылы әлсірету, титықтату. Әбден әлсіреген соң оп-оңай Еуропаға басып кіріп, өз үстемдігін орнату.
1941 жылы 22 маусымда Гитлер өзін пайдаланып отырған Совет империясына қарсы соғыс ашқан кезде, бұл Кремльдегілерге қатты соққы болып тиді.
Бұл тарихи ақиқаттың бір бөлігі ғана. Басы ашылмаған, зерттелінбеген қаншама іргелі проблемалар бар.
Осы тұрғыдан келгенде, Степан Бандераны фашист немесе Гитлермен одақтасты деп айыптаудың өзі артық болады.
Егер Бандера фашист немесе нацистік Германиямен ынтымақтасты дейтін болсақ, онда біздің Алаштың көсемдерінің бірі Мұстафа Шоқайдың да Германиямен қатынасы болды ғой? Ол да немістермен сұхбаттасып, келіссөздер жүргізді емес пе?
Әрине, жүрегі қазақ деп соғатын әр азамат мұндай айыпқа төзбейді.
Бірақ, ертең Кремль Шоқайға да (тек оған ғана емес, барлық қазақ лидерлеріне) осындай айып тағып, бүкіл қазақтарды «шоқайшылар» деуі ғажап емес.
Біз неге осы өзгелер туралы айтқан кезде, сол сөздеріміз ертең өзімізге соққы болып тиетінін ойламаймыз?
Барлығы, әсірес орысшылдық, проресейлік ұстаным мен тарихи шындықтан бейхабар болуының, не боламас оны қасқана мойындамаудың кесірі.