Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың мемлекет атауын өзгертуге байланысты пікірі қоғамдық қызу талқыға түсті. Мемлекет басшысы: «Уақыт өте келе ел атауын «Қазақ елі» деп өзгерту мәселесін қарастыру қажет шығар, бірақ мұны алдымен халықпен ақылдасқан жөн»,- деді. Болашақта ел атауы қалай болатынын біз білмейміз. Оны уақыт көрсетеді, халық шешеді. Осы орайда біздің айтпағымыз, «Қазақ елі» ұғымы қазақпен бірге ертеден жасап келе жатыр. Әсіресе, оны Алаш оқығандары зерттеулерінде, шығармаларында жиі пайдаланды. Мысалы Алаш қайраткері Қошке Кемеңгерұлы «Қазақ тарихынан» атты кітапшасында осы тіркесті көп қолданды. Кітапша Мәскеу қаласындағы Нәзір Төреқұлұлы басқарған «Күншығыс» баспасынан 1924 жылы жарық көрді. Оған Мұхтар Әуезовтің 1927 жылы берген мынадай бағасы бар: «Тарихтың дәл суреттерімен толығырақ танысамын…
Автор: admin
08.03.1941 ж. Павлодар қаласында дүниеге келді. Алматы қаласындағы 36 мектепті алтын медальмен аяқтады. — 1959 жылы алғашқы қазақтардың бірі болып КСРО СІМ ММХҚИ түсті. — 1963 жылы үздік арабтанушы-студенттердің бірі ретінде Болатхан Тайжан КСРО басшысы — Хрущевтың Египеттегі ресми сапарында аудармашы болды. — 1960-шы жылдары, Болатхан Москвадағы патриоттық студенттік қозғалысының — Жас Тұлпар ұйымының идеологтарының бірі болды. — 1970-ші жылдары КСРО СІМ жүйесінде жұмыс істеді. Оның орталыққа жазған аналитикалық жазбаларын МІМ және МҚК тексермеген. Болатханның тиянақтылығын білгендіктен оның жазбаларын түзетуге уақыттарын бөлмеген, бірден жоғарыға, саяси басшылыққа жіберіп отырған. — 1975 жылы Тайжан алғаш рет ұлы әл-Фарабидің Дін туралы Трактатын…
http://www.youtube.com/watch?feature=player_embedded&v=IBQQDjjEl9U Болатхан Тайжанның Жеке Қоры сайты

