Сарқытқан Қастер Абай атындағы ҚазҰПУ pH D докторы, доцент Әлемде 3 мыңнан астам ұлттар мен ұлыстар бар, ал мемлекеттердің жалпы саны 196 шамасында. Сондықтан болар дүниежүзінде бір ғана ұлттан тұратын мемлекет жоқ, барлық елдер байырғы халықпен бірге диаспоралардан (ұлт шашырандылары) құралады. Әлемде ең дара ұлтты мемлекет саналатын Жапонияның да 100 пайыз жапондар емес, бір пайыздан артығы басқа халықтар[1]. Қазақстандағы жағдай Жапониядай болмаса да жыл өткен сайын қазақтардың саны артып келеді. Мәселен, 2009 жылға халық санағының нәтижесін алып қарасақ, қазақтар саны өткен санақпен салыстырғанда 26,0 пайызға өсіп 10096,8 мың адамға жеткен. Өзбектер саны 23,3 пайызға өсіп, 457,0 мың адамға,…
Автор: admin
http://www.youtube.com/watch?v=ftlNTh6DS-o Ресейде қазіргі күні 1 миллион 200 мың қандасымыз тұрады екен, орыстың ортасында отырып салт-дәстүр, дінін, тілін сақтап қалған тұтас ауылдар бар. Солардың бірі – Ресейдің Алтай өлкесі, Құлынды ауданына қарасты Керей деп аталатын елді мекен. 80-ге жуық шаңырақтан құралған шағын ауылда ана тілімізді оқытатын мектеп жұмыс істейді. Керейдегі қос қабатты мектеп. Бұл білім шаңырағынан түлеп ұшқан түлектер ат басын атажұртқа бұрады. Өйткені, ана тілінде білім алған бала мұқтажын Ресейдегі сансыз көп университеттер мен институттардан емес, отандық жоғарғы оқу орындарынан іздейді.
Өткен аптадағы ұлттық валюта девальвациясы халықтың біраз мазасын қашырғаны белгілі. Міне, біздегі осындай шетін жағдайды пайдаланған біреулер отқа май құйып, Қазақстандағы бірқатар банктің банкроттығы туралы өсек-аяң таратқан. Салдарынан ғаламторда аты аталып, түсі түстелген отандық банктер бір сәтте дүрбелеңге тап болып, зиян шеккен. Қазір бұл іске қатыстылардың ұсталғаны мәлімделді. Бірақ оның кімдер екені әлі жарияланбады. Ал баспасөздегі мамандардың бір болжамына сүйенсек, отандық банк секторына «от салушы» Ресей жақтан қол сұққан көрінеді. Өз кезегімізде «Алаш айнасы» осы болжамның мәнісіне тереңірек үңілуді жөн көріп отырмыз…

